» » Жалқаулықты қалай жеңеміз?

Жалқаулықты қалай жеңеміз?

Табысқа жетуге, арманды орындауға бөгет болатын қасиет – жалқаулық. Жалқаулық жаныңыздан қалмай жүр ме? Үйде де, жұмыста да, жүрген жеріңізде жабысып «желкеңізге отырып» алды ма? Не істеуге болады? Одан арылу мүмкін бе? 


Жалқаулық жас талғамайды. Ол барша адамзат баласына тән қасиет. Алайда, кейбірі оны еңсеріп жатса, енді бірі керісінше еріншектікке салынып кетіп жатады. Алайда, бұл жалқаулыққа бой алдырған адамның өмір бойына сол қалпында қалатынын білдірмейді. Әдетте, жалқау адамдардың ісі өнбей, жанұясы мен жұмысында да абыройдан айырылып қалады. Оған қоса, асқан еріншектік танытқандар кейіннен өз әрекетсіздігі үшін мың сылтау айтып, өтірікші деген атаққа ие болып жатады.


Бірінші кезекте мойындау қажет. Жалқаулықты жеңіп және өміріңізді өзгерткіңіз келсе, жалқау екендігіңізді мойындаңыз. Егер логикалық жағынан қарасақ, жалқаулық  деген шынымен жоқ, өйткені біз ұзақ уақыт жай жата алмаймыз, ол мүмкін емес. Біз жүреміз, тамақ ішеміз, демаламыз, ойлаймыз, бұны жалқаулық  деп айтуға болмас.  Шынымен жалқаулық  дегеніміз, адамның мақсатына жетуге бағытталған істі аяқтамауы. Адам бақытқа және нәтижеге жету үшін өз ісімен айналысуы керек. Сондықтан да мақсатыңа жету үшін осыған ден қойған жөн.
Жетті жұттың бірі – жалқаулық. Ол шынымен адамды жұтып тынуға қауқары жететін жаман әдет. Жалқаулық адамның дамуын тежеп, өмір сүру сапасына кері әсер етіп келеді. Бүгін бітетін істі ертеңге қалдыру адамның энергиясын тауысады. Сондықтан мүмкін болса, жалқаулыққа жол бермеуге тырысқан жөн. Еріншек болмау үшін тәртіпке бағыну керек.


Балалар ғылымы туралы жазатын Александр Толмачёв жалқаулықты жеңу үшін басқаға шын көңілден көмектесу ережесін ұстануға кеңес береді. Әуелі, ең жақынымызға, сосын басқаларға жәрдемдесемін деуді тәртіпке айналдыру керек. Тағы бір әдіс – сүйікті ісіңмен көбірек айналысып, дәл сол істен нәтиже шығару. Бұл өзі жалқау болып, онысына бүкіл әлемді кінәлаудан жақсы. Адамды ылғи жалқаулық басып тұрса, демек ол сүйікті ісін әлі тапқан жоқ деуге болады.

Иә, жалқаулыққа берілген адам қымбат уақытын жоғалтады. Осындай өмір салтына үйреніп алған адам мойнындағы міндеттерден, жауапкершіліктен, күш-жігерді қажет ететін кез келген ауыр әрекеттен бойын аулақ ұстауға тырысады.

Шымшық тірі болса ол құмырсқаны жейді, ал өлі болса құмырсқа оны жейді. Жалқаулық та осындай. Не ол сізді, не сіз оны жеңесіз.
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» деп ұлы Абай айтқандай егер өмірде қандай да бір жетістікке жеткіміз келсе, дұрыс саналы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда алдымен біз өзіміз аянбай еңбектеніп, ұрпағымызды еңбекке баулып өсірсек болғаны. 


А.АХМЕТ
30 шілде 2024 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930