» » Ерте піскен қарбыздан қандай қауіп бар?

Ерте піскен қарбыздан қандай қауіп бар?

Жаздың орта бел ортасына таядық. Әрине, осыбір маусым басталса адамдардың аңсары қарбыз-қауынға ауатыны белгілі ғой. Ерте піскеніне қарамастан көзіміз қызығып сатып аламыз. Мұндайда сыртына қарап таңдау да қиын. Бәрі тәтті, нәрлі емес. Соның салдарынан ерте піскен қарбыздан улану жайттары да жиі тіркеліп жатады.

Қазірдүкен сөрелері небір жеміс-жидекке толы. Соның ішінде қарбыз-қауынды кез келен дүкеннен табасыз.  Барлығы жаппай сатып алып жатыр. Бір қарбыз кем дегенде 600-700 теңгеге жетеді. Көлеміне қарай қымбаттай түседі.

Қазақта «Ауру – астан» деген сөз бар. Яғни денсаулық мықты болу үшін дұрыс тамақтану маңызды. Сондай-ақ тағам қауіпсіздігін ескеру керек. Әсіресе, жаз мезгілінде астан улану оқиғалары жиілейді. Мұның себебі – бау-бақша өнімдерінің бақылаусыз саудаға өтіп кетуі. Оның үстіне мұндай өнімдердің көпшілігі сырттан тасымалданады.

Мамандардың айтуынша, құрамында шамадан тыс нитраттар көп мөлшерде кездесетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің адам ағзасына тигізер зияны көп. Диқандар жерді өңдеуде, өсімдікті өсіріп-баптауда улы химикаттарды шектен тыс қолданғанда адам ағзасына қауіпті бактериялар түзіледі екен. Қарбызды мүмкіндігінше тамыз айында сатып алған дұрыс. Себебі, осыған дейін піскен қарбыздардың барлығы дерлік табиғи емес, қоспасы көп. Маусым мен шілде айының басында базарда, жол бойында сатылатын қарбыздар, әдетте, дұрыс піспейді. Ол жылыжай жағдайында өсіріледі. Құрамында нитрат пен бояғыштар көп болуы мүмкін. Бір қызығы 1 келі қауын-қарбыздың құрамында 60 миллиграмнан артық нитрат болса, адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді екен.

Бақша дақылдары, әсіресе пестицидтермен емделген болса, бойына нитраттарды жинауға бейім болады. Егер құрамында осы заттектер көп қарбызды жесе, оның белгілері 4-6 сағаттан кейін біліне бастайды. Егер нитраттармен уланған кезде ешқандай шара қолданылмаса, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіру қаупі бар. Нитратпен улануды жүрек айну, диарея, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, буындардың әлсіреуінен ажыратуға болады.

Алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге жүгіну қажет. Дәрігерлер келгенге дейін науқас энтеросорбенттерді (мысалы, белсендірілген көмір) қабылдап, көп мөлшерде су ішіп, сонымен қатар тыныштықты қамтамасыз етіп, оның жағдайын бақылау керек. Егер улану белгілері жүкті әйелдерде, қарттарда немесе 12 жасқа дейінгі балаларда байқалса, бірден жедел жәрдем шақырған жөн.

Қарбызда нитраттардың құрамы жоғары екенін білдіретін белгі – оның қып-қызыл реңі және қоңыр талшықтары. Ал нитраттың көптігін үй жағдайында қалай анықтауға болады? Үй жағдайында қарбыздың сапасын анықтауға көмектесетін тәсіл бар. Ол үшін қарбызды кесіп алып, «етін» стакандағы суға салу қажет. Егер стакандағы су бұлдырап кетсе, қарбыз қолдануға жарамды, ал егер су тек қызыл немесе қызғылт түске боялса, онда қарбыздың құрамында нитрат көп деген сөз. Қарбыздан уланудың ең алғашқы белгісі – тез шаршағыштық, лоқсу, құсу, іштің өтуі және бастың қатты ауруы. Осы белгілер негізінен қарбызды жеген соң бірнеше сағаттан кейін белгі бере бастайды.
Не болса да таңдау өзіңізде. Бірақ күннен нәр алып, уақыты жетіп, дәрімен емес уақытында піскен тәп-тәтті бақша өнімдерін жегенге не жетсін. Сондықтан абай болайық!

А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
10 шілде 2024 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 234

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 337

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930