» » Висцеральды лейшманиоз

Висцеральды лейшманиоз

                                      
Бұл аталған ауру адамға негізінен матақаннан жұғады. Себебі матақанның көмейінде осы аурудың қоздырғышы бар, шаққан кезде адамның терісіне еніп, бауырында, талағында өсіп-өнеді. Әдетте, бұл аурумен жас балалар жиі ауырады. 
Аурудың белгілері: дене қызуы көтеріліп, шаршап-шалдығады, қимыл-қозғалысы баяаулайды, әлсірейді, тамаққа тәбеті төмендейді, бозарып, жүдей бастайды. Талағы, бауыры үлкейіп, іші ісінеді, қаны азаяды. Ауру кезеңі бірнеше айға созылып, арнайы ем қабылдамаса, әдетте өліммен аяқталады. Аурудың негізгі көзі-кәдімгі асыранды иттер болып есептеледі, өйткені Висцеральды лейшманиозбен, әдетте иттер ауырады. Ауру иттің белгілері: иттің денесінде, басында, әсіресе, көзінің айналасында жүні түсіп, жарғақтанады, жараға айналады. Сондықтан, «Ит жеті қазынаның бірі» демей, аса сақтықпен қарау керек. Әсіресе, бұралқы қаңғыбас иттер бұл аурумен жиі ауырады және жүрген жерінде ауруды тарататыны, жұқтырып жүретіні ғылыми дәлелденген. Өз иттеріңізді байлап ұстап, аулаға қаңғыбас иттерді жолатпау қажет және маса-матақан шыққан кезде масахана және арнайы дәрілерді қолданып,адам өзін-өзі қорғап жүруі керек. Егер де итіңіз ауырып, жоғарыда көрсетілген белгілері бар болса, ветеринария мамандарына хабарласып, көрсетіңіздер. Олар тиісті емін жасап, шара көреді. Өз денсаулығың-өз қолыңда, ағайын. Осы аурудан сақ болайық.  
Лейшманиоздың алдын алу шаралары масалармен күресу болып табылады. Инфекция анықталған жерлерде адамдар тығыз матадан тігілген жабық киім киюі, репелленттерді қолдануы, масалардың торының астында ұйықтауы керек.
Қанатты жәндіктер жиі кездесетін аймақтарда тұрғындар белсендірілгенге дейін бірнеше ай бұрын тері астына екпе алады. Жануарлар лейшманиозбен ауырғандықтан, олар анықталып, кейін жойылады.
Құлтасов Бахытжан Қуанышұлы,
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы,
бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық
және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы 
10 маусым 2024 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 790

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031