» » Шегірткенің зияны

Шегірткенің зияны

Қазақстанның аумағында ауыл шаруашылығы өніміне және алқаптарына зиян келтiретiн көптеген зиянды организмдер таралған. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» No4-4/282 бұйрығына сәйкес, аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне өсімдіктер зиянкестері – үйірлі шегіртке тектес тер енгізілген. Шегірткелер үйірлі және саяқ болып бөлінеді.
Үйірлі шегірткелер жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiреді. Аса қауіпті және үйірлі түрлерінің ауданымызда азиялық және италияндық прус түрлері кездеседі. Үйірлі емес саяқ шегірткелерден айқышты, кіші айқышты саяқ шегіртке және далалық прус кеңінен таралған. Шегірткелердің үйірлі түрлері үнемі шоғырланып топтасуға, дернәсілдері шоғырланып және үйір түрінде тығыз тіршілік етуге бейім келеді. Шоғырлар мен үйірлер ұзақ қашықтыққа көшіп жүреді, ал саяқ шегірткелер шоғырлар мен үйірлерге жиналмай, өсіп-өнген жерінде тіршілік етеді.
Шегірткелер бір ұрпақ беріп дамиды. Күбіршек ішіне салынған жұмыртқалары топырақтың беткі қабатында қыстап шығады. Ауа райының жағдайына байланысты дернәсілдер көктемде жер бетіне шыға бастайды. Дернәсілдер 5 жастан өтіп түлейді, ал олардың дамуы 30-60 күнге созылады. Соңғы түлеуден кейін дернәсіл ересек қанатты дараққа айналады. Қанаттанғаннан кейін 10-15 күннен соң шағылысу басталып, бірнеше күннен кейін жұмыртқалай бастайды. Шегірткелер жұмыртқа салып болғаннан кейін тіршілігін тоқтатады.
Шегірткелер ауыл шаруашылығы дақылдарының әр алуан түрлеріне және жайылымдар мен шабындықтардың астық тұқымдас өсімдіктеріне дернәсілдері мен ересектері зиян келтіреді. Олардың саны экономикалық зияндылық шегінен көп қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Химиялық күрес жүргізу үшін өңдеу жұмыстары авиация немесе жер үсті тәсілімен бүрку арқылы жасалады. Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтермен жүзеге асырылады.
Алтынай ҚҰНДАҚБАЕВА,
аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді
қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
06 маусым 2024 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 272

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 369

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930