» » Шегіртке шепті бұза алмайды

Шегіртке шепті бұза алмайды

СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ АУЛАДАН ШЕГІРТКЕЛЕРДІҢ КӨБЕЙГЕНІН БАЙҚАҒАН БОЛАРСЫЗ. МҰНДАЙ ЖӘНДІКТЕР ШАБУЫЛЫНЫҢ ЕГІСТІКТЕР МЕН ОНДА ӨСКЕН АСТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДАҚЫЛДАР ҮШІН ҚАНША ҚАТЕРЛІ ЕКЕНІН ЕЛІМІЗ ОСЫДАН БІРАЗ ЖЫЛ БҰРЫН ЖАҚСЫ СЕЗІНГЕН БОЛАТЫН. ОНЫ ХАЛЫҚ ТА ҰМЫТА ҚОЙҒАН ЖОҚ.
Сондықтан бұл өзекті мәселенің бірі болып саналады. Қазақстанда шегіртке тектес зиянкестердің 270-тен аса түрі мекен етеді. Алайда осылардың ішінде тек 10-15 түрі ғана астық пен техникалық дақылдардың, көкөніс, бау-бақша егістерінің, мал жайылымдарының және шабындық жерлердің аса қауіпті зиянкестері. Шегірткелер үйірлі және саяқ тектестерге бөлінеді. Соның ішінде үйірлі шегірткелер аса қауіпті зиянкес ретінде бағаланады. Жақында ауданда саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы биыл аудан бойынша 24,3 мың гектар егіс орналастырылып, күтімге алынған. Осыған сәйкес маусым айында фитосанитариялық шаралар жүргізуге аудан әкімдігі мен аумақтық инспекциясының Қармақшы филиа- лы мамандары бірлесіп, жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде жұмыс тобымен 21,05 мың гектар егіс алқаптарына, 3,25 мың гектар мемлекеттік жер қорларына мониторинг жүргізіліп, саяқ шегіртке зиянкестерімен залалданған экономикалық зияндылық шегінен жоғары 3 500 гектар алқап химиялық өңделіпті. Қолданылған препарат – Pilarking 20%, себу нормасы – 0,06 гектар. Мердігер мекеме – «Авиакомпания Дельта-Юг» ЖШС. Шегіртке көбіне адам баласы мекендемейтін, техника бара алмайтын, мал көп жайылмайтын тың жерлерге, жайылымдарға, биік төбелерге, өсімдік тамырларының арасына өздерінен бөлініп шығатын сұйық затпен топырақты қатайтып, күбірше жасап, оған жұмыртқа салады. Ол күбірше шегіртке тұқымының қыстап, көктем шыға дамуына қолайлы. Қатты ыстықты және құрғақшылық жылдары шегірткенің топырақ бетіне салған жұмыртқалары кеуіп қалса, салқынды және ылғал қоры мол болғанда жұмыртқалар көгеріп, саңырауқұлақ қоздыратын инфекциялардан өледі. Шегіртке дернәсілдеріне уақтылы өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, алдағы жылдарда мыңдаған гектар жерге тұқымын жайып жіберуі мүмкін. Көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға, жер бетіндегі биомасса бөліктеріне қатты зиян келтіреді. Күніне ондаған шақырымға дейін ұшып, өсімдіктерді отайды. Үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы күрес жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар құзіретіне берілген. Бірнеше жыл қатарынан саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары сапалы жүргізілсе көбеюі тоқтайды. Сол үшін де шегіртке шепті бұза алмайды.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
04 тамыз 2022 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930