» » Қазақстан Ауғанстанға ұн мен астық жеткізуді қайта бастады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан Ауғанстанға ұн мен астық жеткізуді қайта бастады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстандық экспорттаушылар Ауғанстанға ұн мен астық жеткізуді қайта жолға қойды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

астык
"Ауғанстан – Қазақстанның астық пен ұнның негізгі нарығы, біздің стратегиялық серіктесіміз болып табылады. Шынында да, бұл елдегі соңғы саяси оқиғаларға байланысты астық пен ұнды жөнелтуде біраз кедергілер болғаны рас. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер мен тасымалдаушылардың ақпараты бойынша вагондарды төлеу мен қайтару бойынша проблемалық мәселелер шешілді, сондықтан қазір жөнелтуде ешқандай кедергілер жоқ", – деді ауыл шаруашылығы министрлігінің егін шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов.
Ол үкімет деңгейінде келіссөздер жүргізуге әлі ерте екенін түсіндіріп, қазір бизнестің келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктері көбірек екенін айтты.
"Қазақстан мен Ауғанстанның іскерлік серіктестері қазірдің өзінде тұрақты қарым-қатынаста. Осы себепті қазіргі уақытта өнімдерді Ауғанстанға жөнелту жүріп жатыр. Егер біз сандармен айтатын болсақ, онда қазіргі күнге 199 мың тонна ұн мен 33 мың тонна астық жөнелтілген. Олардың ішінде ең негізгісі – ұн", – деп түсіндірді Сұлтанов.
28 қыркүйек 2021 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930