» » Білікті маман – заман талабы

Білікті маман – заман талабы

Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жары болса, екіншісі – мамандығы. Мамандық – әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығына құрметпен қарауы керек. Олай дейтініміз, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сонымен қатар әр мамандықтың өз ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың қатарындағы педагог баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етеді. Педагогика сонысымен құнды, сонысымен ардақты.
Қазақта «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген тәмсіл бар. Бұл бекер айтылмаса керек-ті. Себебі ұстаздың қадірі қай заманда да биік тұратыны рас.
«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелестік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деп Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев болашақты айқындап беріп отыр. Олай болса педагог мамандығын танымал етуге мүмкіндік зор.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық та педагог. Олай дейтініміз, педагог еңбегі, біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы мен қиындығы мол мамандық иелері, яғни бүгінгі педагогтер шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз педагогтің ғана қолынан келеді.
Қазіргі таңда біліктілікті арттыруға арналған білімнің мазмұнын жетілдіру мақсатында әлемдік тәжірибені ескеру, білім беру бағдарламаларын кеңейту үшін жаңа әдіс-тәсілдер мен ақпараттарды қолдану, үйрену – заманымыз алға тартып отырған қажеттілік екені баршаға мәлім.
Ғарышкерлер қаласы атанған Байқоңырдағы «Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде білімі мен біліктілігі талапқа сай отыздан астам мұғалім еңбек етуде. Бүгінгі заман талабына сай аталған білім беру ұйымында жыл сайын мұғалімдер біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, өз білім деңгейлерін көтеруге талпынады.
Жақында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық жобалау – техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу процесін құру мен ұйымдастырудағы инновациялық стратегиясы» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын колледжіміздің 25 оқытушысы оқып, сертификат алды.
Курс тыңдаушылары «Педагогикалық жобалау – техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу процесін құру мен ұйымдастырудағы инновациялық стратегиясы» тақырыбын меңгеру үстінде топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасады. Әр күнгі сабақ бір-біріне ұқсамайтын қызықты, әрі тамаша үйлесімге толы жағдайда өтті. Аталған біліктілікті арттыру курсы жаңашылдығымен қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуымызға негіз болуымен қатар, ұлттық құндылықты дамытуға баса көңіл бөлетін шығармашыл тұлға тәрбиелеуге бағыт беріп, кәсіби шеберлігімізді шыңдай түсті.
Жасұлан КӨБЕКОВ,
«Академик С.Жиенқұлов атындағы
Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің
арнайы пән оқытушысы
29 ақпан 2024 ж. 767 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

№81 (10346)

12 қазан 2024 ж.

№80 (10345)

08 қазан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031