» » Қоғамдық кеңес – қоғамдық сенім бастауы

Қоғамдық кеңес – қоғамдық сенім бастауы

qarmaqshy-tany.kz Қоғамдық кеңестер – республикалық және жергілікті деңгейде талқылаулар мен шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеріп, ел ішіндегі проблемаларды қозғап, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіретін Ұлт жоспарына қажетті маңызды институт.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 2015 жылғы 2 қарашада №383-V ҚРЗ қабылданды. Сол уақыттан бастап қоғамды бақылаушы жаңа саяси институт пайда болды десек болады.
Қоғамдық Кеңес аудан өміріндегі түрлі мәселелерді шешуде басты рөл атқарып келеді. Олардың тиімді жұмысының нәтижесінде халықтың билікке деген сенімі арта түсті. Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық бастамамен қызмет атқарады, республикалық және жергілікті деңгейде маңызды мәселелерді қозғап, қоғамда өз орны бар шешімдер қабылдап отырады.
Кеңес қызметі бүгінде азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешуде ауқымды жұмыс атқарып келеді. Ауданның қоғамдық кеңесі туралы ережеде айқындалған өкілеттіктерді ескере отырып, қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, онда қызметтің басым бағыттары айқындалды және бекітілген жұмыс жоспары бойынша жыл басынан нақты жұмыстар жүргізілді.
Жыл көлемінде аудандық қоғамдық кеңесіне белгіленген жоспарға сай және мекемелерден қосымша ұсынылған барлығы 36 мәселе қаралып, зерделенді.
Жыл басында аудандық қоғамдық кеңес отырысында ауданымыздың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттері туралы аудан әкімінің есебі жасалып, жалпы 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқарылған бірқатар нәтижелі жұмыстары атап өтіліп, биылғы жылға тиісті межелер белгіленді. Ол туралы аудан тұрғындарына жанжақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында аудан басшысы аудандық қоғамдық кеңестің осы уақытқа дейінгі жұмысына оң баға бере отырып, алдағы уақытта да өзекті мәселелерді көтеруде елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Жиында аудандық қоғамдық кеңестің 2022 жылғы атқарылған жұмыстары жайлы хабарлама жасалып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.
Кезекті отырыста «Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің «Жер заңнамасының сақталуы туралы» хатына сәйкес, Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы М.Тілеуов хабарлама жасап, онда Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментімен аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланылмаған және ұтымсыз пайдаланған жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілгендігін және уақытылы орындалмаса сот шешімімен мәжбүрлеп алып қойылатындығын атап өтті.
Жергілікті қоғамдастық жиналысына ауылдық округтердегі шаруашылық және шаруа қожалықтарының басшыларын, жер үлесінің егелерін және аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің мамандарын қатыстыра отырып, осы аталған мәселе жергілікті қауымдастықта талқыланып, жер заңнамасының сақталуына тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне жер учаскелеріне немесе оны пайдаланып отырған шаруашылық құрылымдары мен шаруа қожалықтарындағы жерлердің мақсатына сай және тиімді пайдалану жайына үнемі бақылау орнату, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізу жайлы ұсыным берілді.
Аудандық қоғамдық кеңес отырыстарында аудан көлемінде өрт қауіпсіздігін сақтау, тұрмыстық табиғи газды дұрыс пайдалану, газ баллондарын қолдану кезінде сақтық шараларын ұстану, оларға техникалық қызмет көрсету, осымен қатар жастар арасында және кәмелетке толмағандар арасында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне (Жол қауіпсіздігі. Өрт қауіпсіздігі. Судағы қауіпсіздік ережелері) байланысты, сонымен бірге аудандағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жағдайы және тұрғын үйлерден шыққан күл-қоқыстарды полигонға жеткізу мәселелері талқыланып, тиісті сала басшыларына ұсынымдар жасалды.
Ауыл тұрғындарының негізгі тіршілігі – төрт түлік мал өсіру бұрыннан қалыптасқан сала. Ауданымыздың мал басының өсу жайын зерделеу және алдағы уақытта даму мүмкіндіктерін нақтылау мақсатында аудандық қоғамдық кеңестің отырысында «Аудандағы табиғи мал жайылымдары мен шабындықтары, оларды нақты пайдаланудың және қыс кезеңіне қажетті шөп қорын жасаудың жайы туралы» арнайы мәселе қаралды. Оған аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатыстырылды. Сондай-ақ «ZOOM» платформасы арқылы кент, ауылдық округ әкімдері мен шаруашылық басшылары, ауылдық округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысты. Жан-жақты талқылаулар жүргізіліп, өңірдегі мал жайылатын шабындықтардың түсімі азайып, құнарсыздана бастағаны, оған негізгі себеп тиісті күтім жасалмай шабындықтарды суару, малдан қору жұмыстары жүйелі жүргізілмегендігі атап өтілді.
Ауданымызда жайылымдық жерлер жеткілікті болғанымен ауыл тұрғындарына қол жетімділігі алаңдатады. Жайылым мәселесін түбегейлі шешуде Жергілікті жерде атқарушы органдар тұрғындармен, шаруашылық құрылымдарымен бірлесе отырып жайылым мәселесімен жүйелі, жоспарлы жұмыс жүргізу қажет. Жалпы ауданның ауыл округтерінде жайылым жердің жетіспеушілігі бүгінгі күннің басты мәселесіне айналуда. Ауыл округтері бойынша жан-жақты талдаулар жасалды.
Шабындықтардың жағдайларына және мал жайылымына байланысты шиеленістің алдын алуды және мал шаруашылығын жүйелі түрде өрістетіп, тұрғындардың әлауқатын арттыру мақсатында аудандық қоғамдық кеңес төмендегі ұсынымдар жасады.
Аудан әкімдігіне, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне, кент, ауылдық округтер әкімдеріне бұл ауқымды жұмыстарды іске асыруға аудан әкімдігінен бастап бөлімдері және ауыл, кент әкімдері бас болып халықпен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып жүйелі жұмыс жасауы керек. Ауылдағы шаруашылық құрылымдарының басшылары мал егелері өздерінің үлескерлері екенін және жоғарыда қойылып отырған талап-мақсаттарды іске асыруда қолдарында зор мүмкіндіктердің бар екенін ескере отырып тегеурінді жұмыс жүргізілуі қажет.
Ортақ мал жайылымына пайдалануға болатын учаскелердегі жайылым жайын, онда шығатын шөптердің, қай уақытта қалай пайдалануға болатынын, су көздерінің мүмкіндіктерін жете білетін мамандар әрбір ауылдарда бар. Сондықтанда аудан бойынша мамандарды қатыстыра отырып, арнайы комиссия құрып, жан-жақты зерделеп бағдарлама жасаса дұрыс болар еді.
Ұсынымдардың орындалу барысы қоғамдық кеңес тарапынан бақылауға алынды. Орындалуын нақтылауда қорытындыларын алдағы уақытта кеңес отырысында қайта қарау межеленуде. Нақты жағдайды аудан тұрғындарына жан-жақты жеткізіп, түсіндіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуді көрсете отырып аудандық «Қармақшы таңы» газетінде осы жылдың 12 желтоқсаны күні «Шүйгін жайылым — мал өсіру кепілі» тақырыбында кең көлемді мақала жарияланды.
Осымен қатар кеңес отырысының қарауына ұсынылған аудандық экономика және қаржы бөлімінің «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 4 шешім жобасына және Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі №323 «Тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы №137 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы №11 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 14 тамыз 2019 жылғы №256 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 4 шешім жобасына, сол сияқты Қармақшы ауданы әкімдігінің 3 қаулы жобасына қоғамдық кеңес мүшелерімен келісім берілді.
Жалпы жыл басынан бері аудандық қоғамдық кеңесте мемлекеттік мекемелерден келіп түскен 19 нормативтікқұқықтық актілер зерделеніп, келісім берілді.
Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерінің жұмыс уақытын тиімді пайдалану, ішкі еңбек тәртібін сақтау және оны нығайту барысындағы атқарылып жатқан жұмыстары кеңес отырысында қаралып, аталған мәселе бойынша аудан көлеміндегі мекемелерге кеңес тарапынан ұсынымдар жасалып, орындалуы бақылауға алынды.
Аудан бойынша жастардың азаматтық белсенділігін және қоғамдық кеңестер институтына қызығушылығын арттыруға бағытталған «Жастар қуаты жақсылыққа жұмсалсын» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. Оған қатысушылар «Ел болашағы жастардың қолында: олардың еңбекқорлығына, талап-мұратына, арманмақсатына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып қалған құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Жастардың келешегі елдегі белгілі әлеуметтік топ ретінде емес, оларға мемлекеттің болашағы, ұлттың тағдыры, елдің ертеңгі иесі ретінде қарағанда ғана ұлт құндылығын ұлықтай аламыз» деп қорытындылап, жастар болашағына сәттілік тіледі.
«Қарақұм алқабы» музейлік жобасы туралы қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өткізіліп, қаралған мәселе бойынша тиісті нұсқаулар жасалып, бағыт-бағдар берілді.
Жыл соңында алдағы жылы атқарылатын жұмыстарға байланысты аудандық қоғамдық кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары кеңес мүшелерімен жан-жақты талқыланып, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары ескеріле отырып, бекітілді.
Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2022 жылғы бекітілген Медиа-жоспарына сәйкес, аудандық қоғамдық кеңестің 2023 жылы атқарған жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығаруға байланысты «Facebook» әлеуметтік желісінде, аудан газеттерінде жарияланып, аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында ақпараттандырылып отырылды.
Мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі – Қоғамдық кеңестің ауқымын кеңейтіп, қоғамдағы рөлін нығайту. Өйткені қоғамның қозғаушы күші саналатын кеңес мүшелері халықтың талап-тілегін құзырлы орынға жеткізіп, түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға септігін тигізеді. Елімізде Азаматтық қоғамды дамытып, олардың әлеуетін пайдалану маңызды болып отыр.
«Халық» деген сөз Алла тағаланың 99 көркем атының бірі. Сондықтан да дана халқымызда «Халықтан үлкен емессің» деген қанатты сөз бар. Біз бірге – халық және билік бірігіп, ақылдасып, түйткілді мәселелерді шешуде парасаттылық танытып отырсақ, Президентіміз айтқан Әділетті қоғам құрамыз.
Әбдірахман ҚҰЛДҮЙСЕНОВ,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы
28 желтоқсан 2023 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 291

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 386

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930