» » Ғасыр дерті – ғаламдық мәселе

Ғасыр дерті – ғаламдық мәселе

qarmaqshy-tany.kz ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИТС-ПЕН КҮРЕС КҮНІ 1 ЖЕЛТОҚСАНДА АТАП ӨТІЛЕДІ, БҰЛ КҮНДІ АЛҒАШ РЕТ 1988 ЖЫЛЫ ДДҰ ЖАРИЯЛАДЫ. БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КАМПАНИЯ АЯСЫНДА 20 ҚАРАША МЕН 1 ЖЕЛТОҚСАН АРАЛЫҒЫНДА ЮНЭЙДС ҰСЫНҒАН «КӨШБАСШЫЛЫҚ – ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА!» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҰРАНМЕН ОНКҮНДІК ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА.

Бұл тақырыпты екшеп алу да бекер емес. Себебі, егер қауымдастықтар күрес жүргізсе, әлем бұл дертті жоя алады. АИТВ-мен өмір сүретін, зардап шеккен немесе қауіпі бар қауымдастық ұйымдары індетке қарсы әрекет етудің алдыңғы қатарында. Қауымдастықтар адамдарды халыққа бағытталған денсаулық сақтау қызметтерімен байланыстырады, сенімді арттырады, саясаттың орындалуын және қызмет көрсетуді қадағалайды. Дей тұра қауымдастықтарға көшбасшылық жетіспейді. Кедергілерді жойса, қоғамдық ұйымдар ЖИТС-тің аяқталуына ықпал ете отырып, АИТВ-ға қарсы жаһандық әрекетке одан да үлкен серпін бере алады.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен қарсы күрес күні – бұл қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейту және оларға күресте жетекшілік етуге көмектесу үшін әрекетке шақыруға бағытталады. Бұл кампания АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығы, денсаулығы мен медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға және емделу сапасын қамтамасыз етуге, теңсіздік пен кемсітушіліктен қорғау шараларымен жұмыс істейді. Осы кампания шеңберінде аудандағы АИТВ саласындағы мамандар тұрғындардың барлық тобына ақпараттандыру жұмысын жүргізіп отырады.

– Вирусты жұқтыру – иммундық жүйенің үдемелі азып-тозуына және нәтижесінде «иммундық тапшылыққа» әкеледі. Ал жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы – АИТВ инфекциясының ең соңғы сатысына қолданылатын термин. Оған 20-дан астам оппортунистік инфекциялардың немесе АИТВ-мен байланысты обыр түрлерінің пайда болуы тән. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйығы немесе ана сүті дені сау адамның қанына инъекция, дене жарасы арқылы немесе сілемейлі қабыншағына түссе жұғуы мүмкін. Ал тұрмыстық жағдайда жұғу мүмкін емес. Қазіргі таңда аудан бойынша диспансерлік есепте АИТВ жұқтырған 21 адам тұрады. Оның ішінде 17-сі Байқоңыр өңірінен тіркеліп тұр. Жынысына қарай олардың 8-і әйел болса, 13-і ер адам. Осы әйелдер арасынан АИТВ статусымен 4 ана құрсақ көтеріп, 3-еуі балалы болды. 1-еуі жүктілікпен бақылануда. Бақылау кезінде балалардың АИТВ жұқтырмай дүниеге келгені туралы анықталды. Бұл дегеніміз – аналардың жүктілік кезінде уақытылы қаралып, дәріні үзбей ішуінің, алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізілуін көрсетеді, – дейді амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық аудандық аурухананың дәрігері Айткүл Балмаханова.

Адам иммун тапшылығы вирусы – үкім емес. АИТВ жұқтырғаннан кейін де өмір бар. Індет тырнағына ілінгендер де отбасын құрып, дүниеге перзент әкеле алады. Оған жоғарыда дәрігер айтқан сөздер дәлел бола алады. Жақын адамыңыз осындай дертке душар болған жағдайда кеудесінен итермей, қолдауға тырысу қажет. Өйткені, науқастың күйзеліске толы болатын ендігі өмірінде достары мен туыстарының қолдауы ауадай қажет.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
28 қараша 2023 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 297

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930