» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді


Дүниежүзілік ЖИТС–ке қарсы күрес күніне (5 қараша - 5 желтоқсан) орайластырылған "Бәрі АИТВ/ ЖИТС туралы" ұлттық бағдарлама шеңберіндегі айлық іс-шара кеше ауданымыздағы үлкен сауда орталықтарында жалғасты. "АLSER" сауда орталығында аудан тұрғындарына бұл тақырып бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні 1 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күнді ДДҰ 1988 жылы АИТВ-ның таралуынан туындаған ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру мақсатында, сондай-ақ осы аурудың құрбандарын еске алу күні ретінде белгіледі.
Күрес күнін өткізу - АИТВ инфекциясының таралу проблемасына назар аударту, халыққа профилактиканың негізгі шараларын түсіндіру, диагностикалау әдістерін насихаттау және салдарлардың қайтымсыздығы туралы хабардар ету; өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына құнды қарым-қатынас қалыптастыру; АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты кемсітуді болдырмайтын әлеуметтік ортаны қалыптастыру.
"АИТВ/ЖИТС -тің алдын алу" атты тақырып бойынша жүргізіліп жатқан акция барысында тұрғындар өз ойларындағы сұрақтарын қойып,ойларымен бөлісіп,кеңестер алды. Бұл ғасыр дертінің қаншалықты қауіпті екендігін ұғынып, одан барынша сақтану керек екені ескертілді. Ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Өз өмірімізге жауаптылықпен қарап,болашағымызды дұрыс жоспарлау өз қолымызда! Ұрпақ саулығы мен мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосу үшін денсаулығымызға салғырт қарамайық,замандастар!
24 қараша 2021 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031