» » ЖИТС құрбандары адамзат жанында

ЖИТС құрбандары адамзат жанында


Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде әлемнің барлық елдерінде ЖИТС-тен қайтыс болған құрбандарды дүниежүзілік еске алу күні аталып өтіледі.
Бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты – ВИЧ ауруына шалдыққан адамдардың қасында өмір сүріп жүрген адамдарға бұл жағдайдың әрқайсысының басынан өтуі мүмкін екендігіне ойлануға, сонымен қатар осы аурудың қармағында кеткен адамдарды еске алуға, ВИЧ/СПИД ауруымен өмір сүріп жатқандарға қолдау көрсетуге, азаматтық қоғамдағы және үкімет басындағылардың назарын осы эпидемияға баса назар аударуына, індеттің алдын алу, сақтану шараларын, жұғу жолдарын кеңінен насихаттауға бағытталған. Спид ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 1983 жылы алғаш Сан-Францискода өткізілген.
Осыған орай ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай ауданда медқызметкерлердің арасында біршама іс-шара ұйымдастырылды. Психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Айткүл Балмаханова АИТВ және ЖИТС туралы дәріс оқып, түсіндірме жұмысын жүргізсе, медбике Рабиға Елбосынова үнпарақтар таратты.
Атаулы іс-шара аудандағы әскери бөлімшеде ұйымдастырылып, шақы­рушылар арасында семинар өткізілді. Ал аудандық емханада «Ашық есік» күні өткізіліп, LED экран арқылы АИТВ және ЖИТС, нашақорлық туралы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар ауруханада эпидемиолог Айгүл Ембергенова медқызметкерлер арасында ЖИТС мәселелері жөнінде дәріс өткізді.
Қазақстанда COVID-19 пандемиясы кезінде өткізу – бұл АИТВ және коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына қарсы іс-қимыл жасауға дайын екендігін көрсетудің, эпидемиямен күресте күш-жігерді бірік­тірудің, адамдардың АИТВ ифекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттырудың, АИТВ-мен өмір сүретіндерге қолдау білдірудің тағы бір мүмкіндігі.
Ақпараттық науқанды өткізудің маңыздылығы – жастар мен жасөспірімдердің бойында АИТВ жұқтырған адамға деген аяушылық көзқарасты емес, қолдау мен түсіне білу сезімін ояту және АИТВ жұқтыруға кедергі келтіретін мінез-құлық стереотипін қалыптастыру. Бұл күні адамдар кеуделеріне қызыл лента тағады. Қызыл лента ВИЧ пен өмір сүретін адамдарды қолдау, сыйластық пен дұрыс көзқарасты қалыптастыру, осы аурудан қайтыс болғандарды есте сақтау, ұлт пен ұлысты, жас пен жынысты таңдамайтын індеттің жақын арада емі табылады және ауруды жеңеміз деген үміт символы болып табылады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
29 мамыр 2021 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031