» » Ұлт саулығына үлес қосайық

Ұлт саулығына үлес қосайық



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулықты нығайту" мемлекеттік бағдарламасын аудан көлемінде жүзеге асыру мақсатында саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы бо­йынша Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне (5 қараша – 5 желтоқсан) орайластырылған «Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы» атты ұлттық бағдарлама шеңберіндегі айлық іс-шарасы қорытындыланды.
Айлық барысында кент ішіндегі үлкен сауда орталықтарында, мектептерде, полиция бөлімінде және емханада, медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Қармақшы Жастар денсаулығы орталығының психологы Ә.Кетебаева, мейіргері М.Бекова, СӨСҚ кабинетінің маманы Д.Құлмырзаева, психо-әлеуметтік кабинетінің дәрігері А.Балмаханова, мейіргері Р.Елбосыновалар қызықты да танымдық іс-шаралар өткізіп, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кент ішіндегі "Адина", "Рүстем", "Alser", "Орда" сауда орталықтарында аудан тұрғындарына осы тақырыптар бойынша ақпараттық танымдық материалдар таратты.
Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні 1 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күнді ДДҰ 1988 жылы АИТВ-ның таралуынан туындаған ЖИТС індеті туралы хабардар болуды арттыру мақсатында белгіледі.
– Ауданда АИТВ жұқтырған 13 адам тіркеуде тұрады. Оның 8-і ер, 5-еуі әйел азаматша. Олар тұрақты бақылауда, уақытында ем алып тұрады. Күрес күнін өткізу – АИТВ инфекциясының таралу проблемасына назар аударту, халыққа профилактиканың негізгі шараларын түсіндіру, диагностикалау әдістерін насихаттау және салдарының қайтымсыздығы туралы хабардар ету, өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына құнды қарым-қатынас қалыптастыру, АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты кемсітуді болдырмайтын әлеуметтік ортаны қалыптастыру болып табылады, – дейді психо-әлеуметтік кабинетінің дәрігері А.Балмаханова.
Акция барысында тұрғындар толғандырған сұрақтарын қойып, көкейде жүрген ойларымен бөлісті, мамандардан кеңес алды. Атаулы дерттің қаншалықты қауіпті екендігін ұғынып, одан барынша сақтану керек екені ескертілді.
Аудандық емханада айлықты қорытындылау мақсатында басқосу ұйымдастырылып, онда іс-шараларға атсалысқан ұжымдарды, білім бөлімі, ішкі істер, денсаулық саласы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың бас дәрігері Т.Амитовтың алғыс хаты мен сыйлықтарымен марапаттады.
«Қт» ақпарат
01 желтоқсан 2021 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031