» » Қызылшадан келер қауіп көп

Қызылшадан келер қауіп көп

qarmaqshy-tany.kz Қазақстанда қызылша ауруы дендеп барады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері аталған індетті жұқтырғандардың саны 5000-ға жуықтаған. Ауырғандардың көбі бала. Науқастардың дені ауруға қарсы екпе салдырмаған. Бұл мәселе біздің облыста да, ауданда да өзекті. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ауданда штаб құрылған болатын.

Осыған орай аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Жұлдызхан Ерқосаевтың төрағалығымен штаб отырысы өтті. Жиынға аудандық аурухананың басшысы, штаб төрағасының орынбасары Бақытжан Нысанбаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова, білім бөлімінің мамандары қатысса, ауданға қарасты кент, ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы байланыста отырды.
Күн тәртібіндегі мәселеге сай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова аудандағы ахуал мен екпенің жүргізілу барысы туралы хабарлама жасады.
Жиын қорытындысында талапқа сай қызылшаға қарсы егілуге тиіс 6 ай-10 ай 29 күн аралығындағы балаларды егу шараларымен қамту жұмысын жандандыру, егу пункттеріне материалдық-техникалық жағдайын бағалау жүргізіліп, вакциналарды сақтау, тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сәбилерді қызылшаға қарсы егуге әкелген ата-аналардың арасында екпе алу туралы кеңінен насихаттау тапсырылды. Халық арасында қызылшаға қарсы егу шараларының маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын кең көлемде жүргізу туралы шешімдер қабылданды. Тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Штаб төрағасы статистика үшін емес, бала болашағы үшін жауапкершілікпен, жанашырлықпен жұмыла жұмыс істеу керегін баса айтып өтті.
Айта кеткен жөн, қызылша жылдам таралатын дерт. Ол миға, тыныс алу жолдары мен өкпеге қатты зақым келтіреді. Мамандар қызылшаның жалғыз емі вакцина екенін айтып отыр. Соңғы жылдары түрлі себепке байланысты екпе алудан көп ата-ана бас тартып, соның салдарынан бұл ауру қайта өршіп, қоғамға қауіп төндіріп отыр. Сондықтан екпеден бас тартпай, әр аурудың алдын алу шараларын дер кезінде жүргізіп отыру – ата-ана үшін де, балалар денсаулығы үшін де, қоғам үшін де пайдалы болмақ.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
19 қараша 2023 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 191

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 307

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930