» » Қызылша ауруының ахуалына байланысты штаб отырысы болып өтті

Қызылша ауруының ахуалына байланысты штаб отырысы болып өтті


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен Қармақшы ауданындағы қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалына байланысты штаб отырысы болып өтті.

Аудандық аурухананың басшысы, штаб төрағасының орынбасары Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы мен Қармақшы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Төлепбергенова Гүлнардың қатысуымен өткен штаб отырысының хаттамасына сәйкес қызылшаға қарсы егілуге тиіс 6 ай, 10 ай, 29 күн аралығындағы балаларды егу шараларымен қамту жұмысын жандандыру, егу пункттеріне материалдық-техникалық жағдайын бағалау жүргізіліп, вакциналарды сақтау, тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сәбилерді қызылшаға қарсы егуге әкелген ата-аналардың арасында екпе алу туралы кеңінен насихаттау, халық арасында қызылшаға қарсы егу шараларының маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын кең көлемде жүргізу туралы шешімдер қабылданды.

Осы ретте барша аудан тұрғындарын қызылша ауруының алдын алу үшін екпе алуға шақырамыз!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

17 қараша 2023 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 256
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 797

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930