» » «Зымыран» республикалық оқу-жаттығуы өтті

«Зымыран» республикалық оқу-жаттығуы өтті

qarmaqshy-tany.kz ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ МОДЕЛІНЕ КӨШУ, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТЕРЕҢ РЕФОРМАЛАУ, ЖАҢА ҚАУІПТЕР МЕН СЫН-ҚАТЕРЛЕРДІҢ ТУЫНДАУЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІНЕН ТҰРАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ. ОСЫ РЕТТЕ АУДАН АУМАҒЫНА ҚАРАСТЫ ДИІРМЕНТӨБЕ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ «ЗЫМЫРАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға жедел ден қою, азаматтық қорғаныс күштері мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құрылымдарының дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарына ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов, аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысты.
Оқу-жаттығуда облыстың құтқару бөлімшелері мен азаматтық қорғаныс қызметтерінің және Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің №70 Федералдық өртке қарсы қызметінің арнайы басқармасы қызметкерлері зымыран тасығышының апатқа ұшырауы зардаптарын жою кезіндегі ісқимылдардың практикалық жұмысын көрсетті.
Түстен кейін оқу-жаттығу жұмыстарын қорытындылау тыңдалымы өтіп, «Зымыран» республикалық оқу-жаттығу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан жоғары баға берілді.
07 қараша 2023 ж. 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 738
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31