» » Тұрақты кеңесте өзекті мәселелер талқыға түсті

Тұрақты кеңесте өзекті мәселелер талқыға түсті



Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданы әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен тұрақты кеңес отырысы өтті.

Мәжілістегі бірінші мәселе аудан бюджетінің игерілу барысы туралы қаралды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ниматулла Жанар Абайқызы аудан бюджетінің игерілуі туралы хабарлама жасады.

Аталмыш мәселе бойынша аудан басшысының тапсырмасына сәйкес қаржының игерілмеу қаупі бар салалардағы бюджеттің жайын Еркусаев Жұлдызхан Байназарұлы мен Смағұлов Самат Қыдырбекұлы жіті бақылауда ұстайтын болды.

Тұрақты кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе Жосалы кентінде өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде бағаның белгіленген тарифтен аспауын, нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен болуын қамтамасыз ету, қоғамдық ахуал, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын бақылауды сала бойынша орынбасарына тапсырды.

Мәжілістегі үшінші мәселе «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойыша хабарлама жасаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Сақтабаев Өмірбек Жаңабайұлын хабарламасы бойынша оқу-жаттығудың іс-шараларын өткізу жөніндегі әдістемелік жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуді қамтамасыз етуді ұсынды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 қазан 2023 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031