» » Қармақшы ауданы әкімінің қатысуымен аппараттың мәжіліс отырысы болып өтті

Қармақшы ауданы әкімінің қатысуымен аппараттың мәжіліс отырысы болып өтті


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен қаржы игеру жұмыстары және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы аудан әкімі аппаратының мәжілісі өтті.

Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ниматулла Жанар Абайқызының баяндамасынан ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқаны байқалды.

Дегенмен, жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімдері мен құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеу қауіпі бар екенін атап өткен аудан әкімі, көрсеткіштердің орындалу барысына талдау жасап, жағдайды бақылауда ұстауды және ай сайын баяндап отыруды аудан әкімінің орынбасары Еркусаев Жұлдызхан Байназарұлына тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудан бойынша жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мәжитқызының баяндамасы тыңдалды.

Баяндамадан соң аудан басшысы жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары өте маңызды және бұл мәселе тек білім бөлімінің ғана жұмысы емес екендігін айтты. Сондықтан кент, ауылдық округ әкімдері мен мүдделі мекеме басшылары да атсалысуы қажет. Білім беру ұйымдары білім саласына қажетті құрылғылар және балаларға қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілсін. Ал, мектепке баратын тұрмысы төмен отбасылардың балалары «Мектепке жол» акциясы арқылы қажетті құрал-жабдық және киімдермен қамтылуын бақылауды және 30 тамыз күні осы жағдай бойынша баяндауды аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызханға жүктеді.

Күн тәртібінде сала басшылары бюджеттің игерілуі туралы жұмыстарын баяндап, бірқатар бағдарламалық құжаттарға өзгерістер енгізілді.

Мәжіліс соңында "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 113 бабының 4 тармағында "Бюджет қаражатын толық игеруге қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады" делінген. Сол себепті, бюджет қаражатын уақытылы игермеген бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатынын қатаң ескертемін",- деді аудан басшысы.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 тамыз 2023 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031