» » Оқу жылына дайындық пысықталды

Оқу жылына дайындық пысықталды

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімі жандос Еркінбекұлының төрағалығымен "Осы жылдың 7 ай қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-­экономикалық даму қорытындылары мен қаржы игеру жұмыстары және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы" аудан әкімі аппаратының мәжіліс отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла баяндама жасады. Онда ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқаны байқалды. Дегенмен, жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімдері мен құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеу қауіпі бар екенін атап өткен аудан әкімі, көрсеткіштердің орындалу барысына талдау жасап, жағдайды бақылауда ұстауды және ай сайын баяндап отыру ды аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевқа тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеде – "Аудан бойынша жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы" аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиеваның баяндамасы тыңдалды.
Мұнан соң аудан басшысы жаңа оқу жылына дайындық жұмысының маңызды екенін, мәселе тек білім бөлімінің ғана жұмысы емес екендігін ескертті. Сондықтан кент, ауылдық округ әкімдері мен мүдделі мекеме басшыларымен бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Білім беру ұйымдары қажетті құрылғы және балаларға қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуін, мектепке баратын тұрмысы төмен отбасылардың балалары «Мектепке жол» акциясы арқылы қажетті құрал-жабдық және киімдермен қамтылуы жұмысын ұйымдастыруды жүктеді.
22 тамыз 2023 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930