» » Кітапханашылар күні мерекесіне орай «Медиасауаттылық және Ақпараттың гигиена» атты зерделі кеңес

Кітапханашылар күні мерекесіне орай «Медиасауаттылық және Ақпараттың гигиена» атты зерделі кеңес


qarmaqshy-tany.kz 24 қазан - кітапханашы мамандар үшін айтулы мереке. Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өйткені, өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа да ғылым кереметтері осы кітапхана қорынан табылады.
Кітапхана – оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттантыруымен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші. Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ордасы ретінде кітапхана ешқашан мәні мен маңыздылығын жойған емес.
Осы қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап және насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген мамандық иелері - ол кітапханашылар. Кітапханашы мамандар өздерінің күнделікті тыңғылықты еңбегімен шектеусіз ақпаратқа, әлемдік мәдениет пен ғылым құндылықтарына, адамзаттың даналығы мен біліміне кең қол жетімділікті қамтамасыз етеді, оқырмандарды таңғажайып мәдениет әлеміне жетелейді, білімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға үлес қосады. Сондықтан да, кітапханашы әрқашанда киелі орданың мәртебелі иесі болып қала бермек.
26 қазан күні Аудандық кітапхананың «COWORKING» орталығында мерекеге орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Медиасауаттылық және Ақпараттың гигиена» атты аудан кітапханашыларымен зерделі кеңес болып өтті.
Зерделі кеңестік мақсаты – жалпы қоғамда адамдарды медиасауаттылыққа үйрету, ақпаратты дұрыс іздеу және оларды ажырата білу
Зерделі кеңестік мақсаты – жалпы қоғамда адамдарды медиасауаттылыққа үйрету, ақпаратты дұрыс іздеу және оларды ажырата білу
Зерделі кеңесті Қармақшы аудандық кітапхана директоры Қаниева Күлшара Бөгенбайқызы ашып берді.
Зерделі кеңесті әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Г.Жанәділова жүргізіп отырды. Жүргізуші Ең алдымен, «медиа» деген сөздің не екенін, бұл сөздің қандай мағына беретінін, қазіргі ақпарат ғасырында ме¬диасауат кез келген адамға аса қажет дүниенің бірі екенін айтып өтті. Одан соң, медиасауаттылық жайлы бейнеролик көрсетілді.
Г.Жанәділова үстіміздегі жылдың 18-21 мамыр күндері «21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Мәдениет: Кітап.Тіл.» атты фестивальге, оның ішіндегі «Ақпараттық гигиена» тренингіне қатысып, сонда көрген әсері жайлы бөлісті.
Зерделі кеңес барысында Қармақшы аудандық Тілдерді Оқыту Орталығының оқытушысы Дүзенова Гүлжанат Әмірқызының «Сөйлеу мәдениеті» атты курсында кітапхана қызметкерлері Г.Жанәділова, М.Жазықбаева, А.Әміралиева білім алып, сол курстан алған білімі туралы кітапханашы М.Жазықбаева қысқаша ақпарат берді.
Одан соң Кітапханашылар күніне орай ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы кітапхана саласына келген жастардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттырып, кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында ұйымдыстырған «Жас кітапханашы – 2023: Жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты форумына Балалар кітапханасының ктапханашысы Ж.Ұзақбаева қатысып, форумнан алған әсері жайлы бөлісті.
Зерделі кеңес кітапханашылардың ой сергіту, тренинг ойындарымен жалғасты. Зерделі кеңес соңында кітапхана саласының ардагерлері мен бірқатар кітапханашыларды марапаттау үшін, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен Дауылбекұлы мерекемен құттықтады. Кітапханашылар мерекелерін ән-шашуларын арнады.

27 қазан 2023 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30