» » «Тасқа» басылған еңбек

«Тасқа» басылған еңбек

qarmaqshy-tany.kz Қолыма «Қармақшы таңы» газетінің 1994 жылғы 14 сәуірдегі нөмірі түсті. Ішкі бетті айқара ашқанымда, «Ақжардағы айшықты істер» деген мақалаға көзім оттай басылды. Мақала авторы, сол кездегі Ақжар кеңшарының төрағалығы мен ауылдық округ әкімдігін қоса атқарған Жарылқасын Байсалов.
Қызығушылығым артты. Бір деммен тұтас бетті алған мақаланы оқып шықтым, әрі таңданысымды жасыра алмадым. Мен 1994 жылы 7 жастағы баламын. Мақалада көрсетілген дүниелерді түсінбейтін кезім. Бірақ мені елеңдеткен не? Ол – біз, осы жылдың қазан айына, дәл осы автор Жарылқасын Мұңайтпасұлының рухына ас беруге дайындалып жатырмыз. Осы шаралардың дәл ортасында жүрмін, талай естеліктерді естіп жатырмын. Бірақ....
Бірақ сол ағамыздың сұхбаты алдымнан шыға келеді деп, әсте ойламаппын. Сұхбат болғанда қандай, «Ақжар кеңшарында атқа рылып жатқан жұмыстарды жазған. Нарықтық экономиканың баспалдағын түсінбей, тек халықтың әл­ауқатын көтеру емес, «қалай азық­түлікпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін қандай шаралар жасалды» деген сұрақтарға жауап беріліпті.
Қазір ғой, жасым 36­ға келді, халықтың әл­ауқатын көтеру, экономикалық өсім, кәсіпкерлікті дамыту, кіші кәсіпкерлік деген терминдердің мәнін түсінеміз. Сол 7 жасымда, осы терминдерді Жарылқасын аға Мұңайтпасұлы көтере біліпті. Және сол бағытта белсене жұмыс жасаған екен.
Мақаладан бір үзінді келтірейін, «Алға қойылған міндеттерді ойдағыдай шешу үшін, кеңшарда бірнеше қосалқы цехтар ашылды. Бұл цехтар бірнеше адамға жұмыс, кеңшарға табыс көзі әрі тұрғындарды түрлі қажеттерін өтеудің бүгінгі таңдағы бірденбір жолы болып отыр. Кеңшар тұрғындарына қажетті көптеген заттарды біз өзімізде өндіруге, сөйтіп ауыл адамдарын базардағы аспандаған бағадан құтқаруға басты бағдар ұстаудамыз» дейді. Ия, сол кезеңдерде көптеген ұжымшарлар мен кеңшарлардың шаруалары кері кетіп жатқанда, Ақжар ауылында ұн диірмені, конфет, халуа, рожки, асқатық майын шығаратын цехтар, 12 түрлі өнім шығаратын сүт зауытының үздіксіз жұмыс жасағаны белгілі.
Мені таңғалдырған тағы бір дерек, «Кеңшарда 464 отбасы бар. Оларда 2600 жан өмір сүреді. Міне осы бағдарлама бойынша әрбір тұрғында жыл көлемінде 6 келі ет, 339 литр сүт, 70 келі көкөніс, 60 келі картоп, 50 келі бақша өнімдері, 40 келі қант, 10,6 литр асқатық майы, 129 келі ұн, 220 дана жұмыртқамен қамтамасыз ету көзделген. Сонда кеңшар бойынша барлық тұрғындарға жыл көлемінде 1690 центнер ет, 8814 центнер сүт, 1820 центнер көкөніс, 1500 центнер картоп, 1300 центнер бақша өнімдері, 1040 центнер қант, 276 центнер асқатық майы, 3354 центнер ұн, 57,2 мың дана жұмыртқа керек болады» депті. Ауыл халқының азық­түлікпен қамтылуы, ол үшін не істелуі қажеттілігін сандармен көрсете отырып, қамқорлықтың үлгісін көрсеткен.
Тұтас бір бетті алған мақалада, ауылдың дамуына арналған істерді тізбелеген. Және сол ауыл халқына арналатын бағдарламалар бедерленген. Сол кезеңде медициналық шаралардың тіпті төмен болғанын мына цифрлардан көруге болады. «Өткен жылы науқастану салдарынан еңбекке жарамсыз күннің саны 5465 күн болған. Сонда бұл еңбекке жарамды әр адамға 20 адамнан және 20 күннен келеді. Бұл адамдардың 7­еуіне тегін, 300­ден астамына жеңілдетілген бағамен дәрі­дәрмек берілді. Денсаулыққа зиянды салада еңбек ететін 26 адам сүтпен қамтамасыз етілді. Кеңшар бойынша өткен жылы еңбекті қорғауға 15,8 мың теңге қаржы жұмсалса, биыл бұл шараға да 20 мың теңге бөлінеді. Ал, өткен жылы жұмысшыларға арнаулы киім алуға 27,2 мың теңге бөлінсе, биыл бұған 40 мың теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр». Әрбір адамға көрсетілетін жеке қамқорлық демеске шараңыз жоқ.
Қиын­қыстау заман еді деместен, халықтың әл­ауқатын көтеруге жұмсаған мына бір істеріне тоқталып өтпесек, арымызға сын болар. Былай депті, «Кеңшарда «Тұрғын үй» бағдарламасы да жасалып, қазір сол бойынша жұмыс жүруде. Қазіргі кезде кеңшардағы 464 отбасының 433інде жеке үй бар. Бағдарлама бойынша жеке тұрғындар 1994 жылы 5 үй, 1995 жылы 5, 1996 жылы 5, 1997 жылы 5 үй салады. Бұл үшін жылына 5 отбасына кеңшар тарапынан ішкі мүмкіндіктерге қарай үй салып алу үшін 2 мың теңгеден, барлығы 10 мың теңге қарыз есебінде көмек берілді. Бұл көмекті әрбір отбасының табысын есептей отырып, арнаулы комиссияның шешімі арқылы беру ұйымдастырылды».
Ия, Жарылқасын ағаның бастамасымен кірпіш зауыты ашылып, жаңа үйлердің салынғаны туралы, қазір біз тарих етіп айтып жүрміз.
Енді бір сөзінде, таза өнім, таза түсім туралы да айтыпты, «Сонда зауытқа өңдеуге түскен 1 центнерінің өзіндік құны 200 теңге болатын 5000 центнер сүттің жалпы бағасы 1 миллион теңге болса, бұл сүттен жалпы құны 1407474 теңге болатын өнім өндіріп, содан 407474 теңге таза пайда алуға болады. Бұл өнім, біріншіден, халықты мал өнімдерінен жасалған азықтүлікпен қамтамасыз ететін болса, екіншіден оны сатудан түскен ақшаны шаруашылықтың ішкі мұқтаждарына, жұмысшылардың айлық жалақыларын уақытылы төлеуге жұмсауға жағдай жасайды» деген екен.
Нағыз нарық маманы. Біз дәл осындай азаматтарға құрмет көрсетіп жүрміз. Мақаланың өн бойында, ауыл шаруашылығын өркендету, ішкі өңдеу өнеркәсібі, халыққа жасалатын әлеуметтік қамқорлықтарды тізбелеген. Сол кезде қарттарға айрықша көрсетілетін «қамқорлық» бағдарламасын да атап өтіпті.
Арада 30 жыл жатыр. Екі ғасыр, екі кезең. Сонда да болса, өз заманының ағымынан озып туған, нарықтық қатынастарды ауылымызға батыл енгізе білген, қарымды басшы, мықты ұйымдастырушы азаматтың бүгінгі болмысы жарқырап тұрғанын мойындай білейік. Жоғарыда аталған 30 жылда Ақжар ауылы өркендеуді де, тоқырауды да бастан кешті. Ел есін жиды, қайтадан дамуға бағыт алды.
Ерлердің еңбегі еленсін, ұрпақтың саналысы елге қызмет етсін деген тілекпен, мақаламды аяқтаймын.
Айгүл ОМАРОВА,
№28 орта мектептің кітапханашысы

25 қазан 2023 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 305

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 402

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930