» » «ҚАРСАҚБАЙ ЖОЛЫНЫҢ» НАРҚАСҚАСЫ

«ҚАРСАҚБАЙ ЖОЛЫНЫҢ» НАРҚАСҚАСЫ

«Сыр бойы» газетінің үстіміздегі жылдың 26-ақпандағы нөмірінде басылым тілшісі  Дәулет Қырданның «Қарсақбай жолы» қайда апарады?» атты мақаласы жарық көрсе, «Қармақшы таңы» газетіне де осы шамада журналист Нұрбай Жанәділовтің «Қармақшылық стахановшы» тақырыбында мақаласы жарыққа шыққан еді. Жергілікті ақпарат айнасында Сәбитхан Бөлтіріковтің «Жосалы-Қарсақбай» жолында жүргізуші болғаны жайлы жазылған. Осы материалдарға орай, газет қосынына оқырманнан хаттар келіп түсуде. Сондай хат иесі – аталған жолда жүргізуші жұмысын істеген Жарылқасын Мырзабекұлының баласы Байболат Жарылқасынов.
Ж.Мырзабекұлы 1900 жылы Жосалыда туған. Жастайынан шаруаға араласқан. Ол еңбеккор әрі қолынан көп іс келетін пысық та епті кісі болған. Автокөлік мамандығын игерген алғашқылардың қатарында. Сол кезеңнің тәртібімен толыққанды жүргізуші болу үшін көлікті кемінде 4-5 жыл үйрену керек. 1932 жылдан бастап көлік тізгіндеген. Еңбек жолы ағылшындар басқарған «Адлер» компаниясында қазіргі «Қаныш Сәтбаев атындағы кен байыту комбинатында» бас­талған. Ұрпағының айтуына қарағанда, әкесі «Қарсақбай-Жосалы» жолына шикізат ретінде мыс рудасының топырағын тасыған.
– Әкем сол кездері Қаныш Сәтбаевпен бірге жұмыс істеген. Қ.Сәтбаевтың қызы Мәскеуде білім алған. Пойыздан Қаныштың қызын талай күтіп алған. Қарсақбайға да талай мәрте апарғанын айтатын. Қазақтың біртуар тұлғасын жақсы көргені сондай, тіпті оның суретін жатын бөлмесіндегі төріне іліп қойған. Сол кезеңде жолдың қалтарысы көп болғанға ұқсайды. Одан жаңылмас үшін жолдың көп қосылған жеріне мыс топырағын сеуіп кетеді екен. Мұның пайдасы – түнде машина жарығымен жылтырап жол бағытын көрсетеді-мыс, – дейді Б.Жарылқасынұлы.      
Айта кетерлігі, сол жол бүгінге дейін ел арасында «Жарылқасын жолы» деп аталады. Қайран әкелер, біздің. Адамдық пен алдалдықты кірлетпеген. 1932-жылдардың зобалаңы кімге болса да белгілі болар. Ашаршылық, сталиндік репрессия құр­бандарының бірінен-соң бірі темір тор­ға тоғытылып кете барған кезі. Бірде Жарыл­қасын әкеміз аудан орталығында адасып жылап жүрген жас шамасы 5-6-лардағы ер баланы кезіктіреді. Жолдан әрі-бері өткендерден сұрап, біраз іздеу салады. Әйткенмен, баланы ешкім білмейтін де танымайтын болып шығады. Оны ешкім іздеп келмеген соң үйіне әкеліп, бауырына салады. Қатарынан кем етпей өсіріп тәрбиелейді. Бүлдіршін жетіліп, әскерге алынады. Бұл Қарабазар Кете руының баласы кейіннен ауданға белгілі сот қызметкері болған Шәкет Шыңғысов еді.
Жарылқасын ақсақал Ұлы Отан соғысы басталғанда аудандағы өрт сөндіру мекемесінде жұмыс істеуіне байланысты броньмен әскерден қалдырылған. Соғыс кезінде өрт сөндіруші мекеме әскери органға қарағандықтан, сол мекеменің қызметкері әскери қызмет атқарушы болып саналған. Соғыстан кейінгі жылдары Ж.Мырзабекұлы ІІІ Интернационал, Ақжар елді мекендерінде мал шаруашылығын өркендетуге ат­салы­сқан. 1957 жылы өзінің байырғы жұмысы – «Жаңаталап» кеңшарына көлік жүргізушілігіне шақырылған. 1963 жылдың күзінде біржолата «Жаңаталапқа» көшеді. 1959 жылы зейнет демалысына шығып, ауыл өмірінің ауызбірлігі мен ынтымақ-ырысына үлесін қосады. Ағайын-туыс, бала-шаға ортасында ақылшы ақсақалы болып, жөн көрсетіп, жол сілтейді. Небір қиын-қыстау уақытты басынан кешірген Жарылқасын Әбуов ақсақалдың 1971 жылы әзиз жүрегі мәңгілікке тоқтайды.
– Қазақта «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсіл бар. Ал, біздің әкеміздің артынан мал да, тал да емес, тарихы ұрпаққа үлгі болған үлкен жол қалды, – дейді әкесін еске алған ұрпағы.    
Бір айта кетерлігі, еңбек адамының Бекболат, мақалаға пікір білдірген баласы Байболат та әке жолын жалғап, жүргізуші мамандығын таңдаған. 40 жылдан аса уақыт көлік жүргізушісі болып, елге елеулі қызмет істеген.
Бала болашағына аса мән берген қазақ атамыз «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп ұрпақ тәрбиесін ұлттық тәлімге сабақтастырған. Өйткені, һакім Абай айтқандай, мол тағылым – жақсы ата-анадан.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
18 маусым 2019 ж. 1 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 000

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031