Ел тілегі ескерусіз қалмайды
qarmaqshy-tany.kz Апта басында аудан әкімі Жандос Еркінбек К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде Жосалы кенті қалмайды тұрғындарымен кездесіп, есеп берді. Жиында ел мүддесіне арналған жобалар мен іргелі істерді таныстырып, баяндады
Биыл өңірімізде 79 жоба іске асырылса, олардың қатарында Байқоңыр қаласында салынып жатқан 5 қабатты 5 тұрғын үй құрылысы бар. Сонымен қатар, қаладағы кәріз сулары желісін жаңарту жолға қойылған. Аудан басшысы Ақай ауылындағы салынып жатқан спорт кешені, тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша 11 ұңғыма қазу жұмыстары, үш ауылда салынып жатқан су айдау стансасының жаңалануы, Ақай мен Төретам елді мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз ету басты назарда екенін айтты. Елді мекендер көшелерін жөндеу, «Самара-Шымкент» тас жолы бойынан «Ақжар-Көмекбаев» бағытындағы автожолға жөндеу жүргізу, 3 ауылдық округке дәрігерлік амбулатория салу, «Шипагер» емханасын көгілдір отынға қосу, көптің көкейінде жүрген түйткілді мәселенің бірі – автокөлік жүргізушілерінің кенттің екінші бөлігіне шығуы үшін теміржол өткелін салу жоспарға қойылған. Аудан әкімі Жандос Еркінбек бүгінде аудандық ауруханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта келе, жуық арада Ақтөбе ауылындағы құс фабрикасы іске қосылатынын жеткізді.
– Аудан экономикасын дамытуда көптеген жобалар іске асырылып, ел игілігіне берілуде. Мәселен, жақында Жосалы кентінде көптен күткен денешынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Енді осындай кешеннің құрылысы Дүр Оңғар мен ІІІ Интернационал ауылында жүргізілмек. Одан бөлек, аудандық ауруханаға компьютерлік томографиялық құрылғысы сатып алынса, «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігіне жөндеуден өткізілген ғимарат берілді. Сондай-ақ кент орталығындағы саябақтар мен Аманкелді көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді аудан басшысы.
Есепті кездесуде аудан әкімі Жосалы кенті бойынша да атқарылған жұмыстарды саралады. Биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша кент орталығындағы 15 көшені асфальттауға қаржы бөлінген. Бүгінде Ы.Алтынсарин, Б.Момышұлы, Достық, Жангелдин, М.Мәметова, Бәйтереков, Әлібай ахун, Ә.Молдағұлова, Ө.Айсауытов, Жамбыл көшелеріне жарияланған ашық конкурс бойынша «Нур-Бестстройсервис» мекемесі жеңімпаз деп танылып, келісім-шарт жасалып отыр. Ал Тырнақбаев, Сәтпаев, Батыс, Сәрке батыр көшелері мен Батыс тұйығын жөндеуге мемлекеттік сатып алу басқармасына жолданған.
Сонымен қатар, Келменбет батыр, Ү.Томанов, Нақыпов, Қабылан батыр, Қаракөзов, Әлиасқаров, Шыңғысов, Береке, Ысқақов көшелерін күрделі жөндеуден өткізуге жоба сметалық құжаты әзірленіп, оны сараптамадан өткізу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінген. Сырлытам, Есетұлы, Сырдария, Ақмаржан, Меңей батыр, Тоғанас батыр, Кішенов, Әділова, Мүсіркегенов, Көбеев, Сейфуллин, Шегебаев, Тәуелсіздік, Алтынсарин, Ізтілеуов көшелерін де орташа жөндеуден өткізу жоспарланған болса, М.Әуезов, Сейтжан ахун, М.Шоқай, Байзақтегі көшелерінің жаяу жүргінші жолын салуға қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі таңда, Жосалы кентіндегі 137 көшенің 62 көшесіне түнгі жарық жүргізілген. Биыл 12 жоба бойынша тағы жарықтандыруға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Тырнақбаев, Ысқақов, Рүстембеков, Ораз ахун, Нәметша, Мұратбаев, Жанәділов, Құдабаев, Қайырбекұлы, Жаназаров көшелері жаңадан жарықтандырылады.
Сонымен қатар, М.Шоқай, Ү.Томанов, Мүсірбаев көшелерінің ескі жарықтандыру тіректерінің орнына металл тіректі 100 Вт жарықдиодты шамдар орнатылмақ. Ал, М.Шоқай, Ү.Томанов, Мүсірбаев көшелерінен шыққан ескі жарық бағаналар бұған дейін жарты бөлігіне түнгі жарық жүргізілген М.Әуезов, Ө.Айсауытов, Б.Момышұлы көшелеріне қойылады.
– Кентті абаттандыру мен құрылыс саласында да біршама жұмыстар атқарылды. Кент тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз етуде Шығыс каналын абаттандыруға қаржы бөлініп, жұмысы толығымен аяқталды. Жосалы кенті әкімшілігінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, тұрғындардың сұранысына сәйкес, Қайнарбаев көшесінің электр қуатын күшейту мақсатында қосалқы «КТПН 250» кВа трансформаторын сатып алуға жұмыс жасаудамыз, – деді аудан әкімі Жандос Еркінбек.
Тағы бір айта кетерлік жайт, кент көшелеріндегі және тұрғындар ауласындағы бақшалықтарын аяқ сумен қамтамасыз етуге, нақтысын айтқанда Батыс, Шығыс, Ғ.Мұратбаев, Рысқұлов, Аманкелді көшелері бойынша аяқ су беріліп отыр. Шығыс-Мырзағалиева, Нұртай-Ораз ахун, Сегізов-Ізтілеуов көшелерінің қиылысына және «Қазақ хандығы» ал¬ леясына техникалық су ұңғымасын қазу жұмысы жүргізілуде.
«Тазалық – басты байлық» дегендей, қазіргі таңда Жосалы кенті бойынша 33 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Жыл басынан бері кент көшелеріне, саябақтарға, басқа да қоғамдық орындарға қоқыс тастаған 71 азаматқа Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-2 бабымен 1 млн 225 мың теңге, 408-бапқа сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзған 10 азаматқа 61 426,5 мың теңге айыппұл салынған. Ал, 505-бабы бойынша ортақ пайдаланатын орындарда құрылыс материалдарын сақтаған 138 азаматқа ескерту берілді.
Жосалы кентінің тазалығына жауапты ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданған жұмысшылар күнделікті өздеріне бекітілген аймақтарында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Олардың еңбегін бағалау кент тұрғындарының басты парызы десек артық айтқандық емес.
Көктемгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық айлығында 8000 метр шарбақ сырланып, 5000 ағаш түбі, 20 шақырым жиек тастар әктелініп отыр. Тазалық айлығында 1000 түп көшет отырғызылса, 32 шақырым аяқ су арығы қоқыстан тазартылған.
Сонымен қатар, кентте кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша есепті кезеңде аудандық Кірістер басқармасына тіркелген 1855 кәсіпкердің 1719-ы жұмыс істейді. 2023 жылы мемлекеттік «Іскер», «Бизнестің Жол картасы – 2025» бағдарламалары арқылы 32 жоба қаржыландырылып, 19 жобаға қайтарымсыз грант тағайындалған. Кент бойынша 3 шағын цех ашылса, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 32 азамат несие алуға ниет білдіріп отыр.
Жиын соңында кент тұрғындары Әлдебай Бөгетов, Саракүл Әбдірашитова көшеге жөндеу жүргізу, жарықтандыру, көше жанындағы аяқ суға арналған каналға жаяу жүргінші өткелін салу мәселесін көтерсе, аудан әкімі оның алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ