Бақшаға басымдық беріле бастады
Бала күнімізде әрбір үйдің өзінде бақша болатын.көктем шыға салысымен атам мен әжем жерді дайындайтын. Күн жылып, жер қызған бойдан картоп, сәбіз, жуа, асқабақ, қияр, қызанақ, жүгері, қауын-қарбыз егетін. Ал біз осы тіршіліктің ішінде бірге үретінбіз. Тұқымын жерге тастаушы, кейін арам шөбін жұлушы да біз едік. Еңбекке ерте араластырып, әрі сол еңбектің тәттілігін де бала кезден бойымызға сіңіріп өстік. Одан бөлек, атамның бақшасында жеміс ағаштары да көп еді.
Ал қазір ауылда бақша егетіндер аз. Аяқ судың дұрыс келмеуін де себеп ететіндер көп. Алайда «Барымен базар» деп, аяқ су аздық етсе ауыз суды қолданып, ауласын гүлдендіріп жүргендер жетерлік. Сонымен қатар, бүгінде аудан тұрғындары жер алып, бақша егуге басымдық бере бастады. Аудан әкімдігі мен жергілікті шаруашылық басшыларының қолдауымен аргоаймақ құрылып, ең қажетті деген бақша дақылдары егілген.
– Аудан тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан қосымша жерлер ашуда. Соған сәйкес, бүгінгі күнге аудан бойынша 392 гектар бақшалық жер дайындалды. Ол 736 отбасыға бөлініп беріліп, 104 гектарға картоп, 60 гектарға көкөніс, 228 гектарға бақша дақылдары егілді. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданға қарасты әрбір ауылда жүзеге асырылып жатыр, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары.
Сондай-ақ, олар елді мекендердегі бақшалық жерлердің ашылуына ауылдардағы кәсіпкерлер мен шаруашылық құрылымдары мұрындық болғанын жеткізді. Көп жылдан бері түрен түспеген жерлер ашылып, оған аяқ су жеткізу үшін жергілікті атқарушы билік тарапынан жағдай жасалуда.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөз бекер айтылмаса керек. Бақшалық жерлер дайындалғаннан кейін тұрғындар өздеріне тиесілісін бөліп алып, білек сыбана еңбекке кіріскен. Осы уақытқа дейін картоп және басқа да бақша өнімдерін егіп, енді оның бап-күтімін жасауда.
– Қазір өздеріңіз көріп жүргендей бақша өнімдерінің бағасы шарықтап тұр. Бұл қарапайым халықтың қалтасын қағады. Алмайын десеңіз дастарқаныңызға керек. Алайын десеңіз, қымбат. Сөрелердегі жеміс-жидектің бағасы аспанда. Ал солардың барлығын өз бақшаңыздан алып жатсаңыз керемет емес пе? Уақыты келгенде алып, дастарқаныңызға қоясыз. Қазір құнарлы тағам адам баласына ауадай қажет-ақ. Осындайда бақшалық жердің бөлініп беріліп, тұрғындарға жағдай жасалғаны үлкен мүмкіндік. Қазір таныстарымның басым көпшілігі жер алып, бақша егіпті. Ал мен келесі жылы зейнетке шығамын. Бұйырса осы істі қолға алмақшымын. Немерелерім мен балаларым таза, табиғи өнім тұтынса, сол еңбегімнің қайтқаны. Егер тұрғындар көп мөлшерде бақша егетін болса, аудан тұрғындарын өз өнімімен қамтыса, нарықтағы баға да түсер. Бұл да қарапайым халыққа демеу болары анық, – дейді кент тұрғыны А.Бақытжанов.
Дана халқымыз «Қыстың қамын жаз ойла» дейді. Қыс азығы болып есептелетін сәбіз, картоп және басқа да бақшалық дақылдарды еккен тұрғындар жаздай еңбектенсе, қысқа қамданып алары анық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ