» » Ауданда агрозона құрылмақ

Ауданда агрозона құрылмақ

Ауыл шаруашылығы – мемлекет үшін маңызды сала. Иә, аймақтар арасында бұл сала белсенді дамып келеді. Аймақ мықты болса, мемлекет те қуатты болады. Сондықтан жергілікті жерлерде халық жұмыс істеп, кәсіптің көзін тауып жатса, тұрмыстың да түзелері сөзсіз.
Жақында ауданда «Агрозона» құ­ры­лады деген жаңалықты естіп қуанып қалдық. Бұл ауданда тың бас­тама болмақ. Өңір халқы қашаннан еңбекпен біте қайнасып, алатаңнан нәпақасын сол еңбегінен айырған жандар емес пе?! Олар үшін бұл, әрине қуанышты жағдай. Енді әрбір ауылдық елді мекендердің жанынан тұрғындарға бау-бақша егуге жағдай жасалатын болады. Аталмыш бас­тама жүзеге асса, әрбір отбасы қыс мезгілінде қажетті бақша өнімдерімен өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.
– Қазіргі таңда ауылдық елді мекендерде ниет білдірген тұрғындарға бау-бақша егу үшін жерді өңдеу мен аяқ сумен қамту туралы шаруашылықтармен бірлесіп тиісті жұмыстар атқару үшін сала басшыларына тапсырмалар берілді. Мақсатымыз – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, тұрғындарымыздың өмір сү­руіне қолайлы жағдай жасай отырып, аймағымыздың қарқынды серпілісіне өзіміздің үлесімізді қосу, – деген болатын аудан әкімі Мұса Қалдарбеков облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде берген брифингінде.
Аудандық ауыл шаруашылығы мекемесінің мәліметінше, ауданда жалпы 22 агрозона құрылмақ. Олардың ішінде Дауылкөл ауылдық округінде – 2, Ақжарда – 3, ІІІ Интернационалда – 6, Иіркөлде – 2, Жосалыда (ауылдық округ) – 3 агрозона болатын болса, өзге елді мекендерде бір-бірден аграрлық зона құрылады деп жоспарлануда. Елді мекендер бойынша жалпы 668 ауыл тұрғыны қамтылатын болады. Ал барлық егіс көлемі – 566,3 гектар.
Агрозонаға көбіне көкөністер мен бақша дақылдары егіледі. Оның ішінде картоп – 206,3 га, жуа – 14,52 га, сәбіз – 47,8 га, қырыққабат – 3,4 га, асқабақ – 50,8 га, қызылша – 9 га, қияр – 18,2 га, қызанақ – 17,1 га, қауын 103,7 га, қарбыз 80,4 га жерге егілетін болады.
Сарғайып бос жататын сары дала енді жасыл желек жамылмақ. Ауыл ажарына әр кіре бастайды деген сенім бар. Енді ауыл тұрғындары жеміс-жидек пен бақша дақылдарын егуді қолға алады. Иә, әрекет бар жерде, берекет бар.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
30 наурыз 2021 ж. 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 473

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 544

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031