» » Аудан әкімі шалғай елді мекендерді аралады

Аудан әкімі шалғай елді мекендерді аралады


Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков шалғай елді мекендер Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун ауылдық округтерін арнайы аралады.
Алдымен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден өткен Т. Көмекбаев ауылдық аурухананың жұмысымен танысудан бастады.

Мұнан кейін аталған ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесіп, сауалдарын тыңдап нақты тапсырмаларды тиісті сала басшыларына тапсырды. Кездесуге дейін де аудан басшысының онлайн қашықтықтан ауыл тұрғындарымен есепті кездесуі өткен болатын. Сол кездесуде көтерілген мәселелерді зерттеп, әрі қарай шешім табуы үшін зерделеу жұмыстарын жүргізуді сала басшыларына жүктеді.
Үстіміздегі жылы әр ауылдық округтердің маңайына «Агро аймақтар» құрып, бау-бақша егу жұмыстарын жандандыруды аудан әкімі халықпен есепті кездесуде ауыл әкімдеріне тапсырған болатын. Бүгінгі кездесуде сол жұмыстарды осы бастан қолға алып, халықтың бау-бақша егуге дайындық жұмыстарын бастауды, аяқ-су келетін каналдарды реттеуді сала басшыларына нақтылауды ұсынды.
«Агро аймақтар» құру арқылы ауыл тұрғындарының өздерін күнделікті қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері болады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағытында да жұмыстарды қолға алуды тиісті сала басшысына тапсырды.
Сондай-ақ аудан басшысы тұрғындармен кездесуде мал басын көбейтуді, ауылдық округ әкімдеріне жайылымдық жерлерге талдау жасауды жүктеп, жаңа жұмыс орындарын құруға тапсырмалар берді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
06 ақпан 2021 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 183

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 301

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930