» » Баспасөз конференциясы өтті

Баспасөз конференциясы өтті

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтің қатысуымен облыс орталығындағы «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» аймағымыздың бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсат міндеттердің орындалуы мен алдағы жоспарлары туралы аудан әкімі өзінің хабарламасында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бөлісті.

Брифингте аудан әкімі қасиетті Қармақшы елінің қол жеткізген экономикалық-әлеуметтік, қоғамдық бағыттағы даму қарқынын атап өтті.

«Биылғы жылы еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы жылдар ішінде Қармақшы өңірі бойынша жалпы 67 әлеуметтік нысан, оның ішінде: 14 мектеп, 12 денсаулық, 7 мәдениет, 9 балабақша, 25 спорт нысан пайдалануға берілген. Сонымен бірге Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі 5 тұрғын үй, аудандық кітапхана мен өлкетану мұражайы пайдалануға берілген.
Біздің өңірімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халық саны 49,1 мың адамды құраса, қазіргі таңда 53,8 мыңнан асты. Айшықты жылдар ішінде әлеуметтік-экономика, ауыл шаруашылығы бағыттарында мемлекеттік бағдарламалар орындалып, нәтижелі істер жүзеге асуда», - деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Төретам кентінде 20 көшені орташа жөндеу жоспарланса, ауданымыздағы жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысын уақытылы аяқтау үшін тиісті облыстық басқармалармен тығыз байланыстағы жұмыстар жалғасып, қаржы бөлініп, нысан құрылысын үстіміздегі жылы аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар ауданымызда «Агрозона» құру жұмыстары қолға алынуда.

– Қазіргі таңда ауылдық елді мекендерде ниет білдірген тұрғындарға бау-бақша егу үшін жерді өңдеу мен аяқ-сумен қамту туралы шаруашылықтармен бірлесіп тиісті жұмыстар атқару үшін сала басшыларына тапсырмалар берілді. Бүгінгі күні біздің мақсатымыз Қармақшы ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуымен қатар тұрғындарымыздың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасай отырып, аймағымыздың қарқынды серпілісіне өзіміздің үлесімізді қосу болып табылады, – деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 наурыз 2021 ж. 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 910

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031