Өнімдердің қауіпсіздігі мониторингі басты басымды бағыт
Қармақшы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2022 жылы өнімдердің қауіпсіздігі мониторинг жүргізу мақсатында ҚР ДСМ СЭБК Қызылорда облысы СЭБ Департаментінің №36 28.06 2022 жылғы бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2022 жылдың І-ІІ жартыжылдығына арналған тамақ және тамақ емес өнімдерді сатып алу жоспар-кестесі негізінде аудан көлеміндегі орналасқан азық түлік, сауда үйлерінен сынама сатып алу жұмыстарын жүргізілді. Барлығы 36 нысан жоспарланған болатын, сынама сатып алу жұмыстары жүргізілген сауда орындары -12. Сынама сатып алу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі биылғы жұмсалған қаржы 360000 тенге, алынған сынама саны 176. Мониторинг шеңберінде сараптама жүргізуге іріктеліп алынған сынамалар сынамалап 89.7% (158) тамақ өнімдері және 10,2% (18)тамақ емес өнімдердің үлесінде болды. Оның ішінде отандық өнімдер өнім-55 , ЕАС -104, өзгеде елдерден алынған -14 сынама.
ФотоСараптама жүргізуге іріктеліп алынған 176 сынамалар түрлері бойынша атап айтқанда ; 16 ет және ет өнімдері, 39 сүт сүт өнімдері, 20 кондитерлік өнімдер ,14 құс және құс өнімдері, 5 балық , 11 май өнімдері, 9 ауыз сулар, 6 ұн, жарма өнімдер,2 алькоголды сусындар, 7 алькоголсыз сусындар , 2 өзгеде тамақ өнімдері, 2 балалар ойыншығы, 2 балалар мен жас өспірімдерге арналған жеңіл өнеркәсіп (киімдер) өнімдер, 9 тұрмыстық химия өнімдері, 2 жеке гигиена заттары т.б алынды.
ҚР ДСМ СЭБК «Ұллтық сараптама орталығы» ШЩҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен жүргізілген зерттеулер қортындысы бойынша 176 сынаманың 6,2% (11сынама) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген, өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға төмендеген (2021жылы барлығы 206 сынамадын 19 сәйкессіздік анықталған). Ағымдағы жылы ет өнім және ет өнімдері -16/7 (органелептика-1,құрғақ қалдық -1,-мезофильді аэробты факультативті анаэробты микроорганизмдер саны-2 ,ІТТБ-2 0,0001 г анықталған) және тағы да басқа құс және құс өнімдері-14/1, май өнімдері -11/1, балаларға арналған бұйымдардан киім 2/1, ойыншық 2/1 өнімдерінен таңбалануы бойынша мемлекеттік тілде мәлімет көрсетілмеген сәйкессіздіктер анықталып отыр. Санитариялық -эпидемиологялық сараптама қортындысымен техникалық регламенттеріне сәйкес келмеген 11 өнімнің 2,7% (3) отандық өнімді құраса , 2,8 (6,3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және өзге елдерден әкелген өнімдердің үлесінде . Анықталған кемшіліктерге сәйкес Кеден одағы техникалық регламент талаптарына сайкес келмеген өнімдер бойынша анықталған сауда орындарының жеке кәсіпкерлі субъектісіне басқарма тарапынан бұзушылықты жою туралы - 6 ұйғарым берілді. Дүкен сөрелерінен ұсынылған іс шаралар бойынша : тауық еті -1 дана 1820 грам , жалпы соммасы 1500 тенге ,6- дана ет өнімдері жалпы салмағы 2400 грам, суммасы 3720 тенге, сок өнімдері 1 дана, 1 литр 400 тенге, Астория колбаса 1 дана. Масло сладко сливочное несоленное «Крестьянское» с массовой долей жира 72.5% 2 дана 800 грам, балалар бұйымы «PANDA», бутылочка для кормление с ровным горлышко жойылғаны- 1 дана 1800 теңге өнімдері кәсіпкерлік тарапынан дүкен сөрелерінен алынып тасталып, жойылған.
Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығының № 44 07.12.2022жылғы өзгрістер енгізілуіне байланысты Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын деп көрсетілгенмен 9) тармағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу; қосылмайтыны айқын көрсетілген.
Басқарманың қазіргі міндеттерінің бірі ҚР -ның ішкі сауда нарығының айналымына келіп түсетін ,сатылатын , өндірілетін тамақ және тамақ емес халық тұтынатын өнімдердің қауіпсіздігін бақылау жүргізу болып табылатындықтан аудан көлеміндегі сауда нарығына халыққа сапалы тағам және тамақ емес тұтынатын өнімдерді тасымалдау барысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және өзге елдерден әкелінетін тауарлардың мемлекеттік тілдерде таңбаларының болуына , тасымаладануы, сақталуына аса мән беру қажеттігін аудан көлеміндегі кәсіпкерлік субъектілеріннің Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 95-VII ҚРЗ. 144-бап. Тексерулерді ұйымдастыру тәртібінің,144-3-бабын басшылыққа ала отырып Бақылау мақсатында сатып алу әліде болса жалғасын тауып, бақылауда болатыны назарға сала отырып «Халықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету» бүгінгі күннің мәселесі бола бермек.
Қармақшы аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы бас маманы А.Смайлова