» » Өнімнің қауіпсіздігіне облыс бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі шықты

Өнімнің қауіпсіздігіне облыс бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі шықты

Қызылорда облысында 2019 жылдың 10 айында өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу аясында зертханалық сараптама жүргізу үшін барлығы 3 374 өнім сатып алынды.
Өнім түрлерімен жіктейтін болсақ, тағам өнімдері – 2547, балаларға арналған өнімдер – 98, оның ішінде 61-і балалар ойыншықтары, парфюмерлік-косметикалық бұйымдар – 297, тұрмыстық химия өнімдері – 198.
Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 400 үлгісі техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шықты. Атап айтқанда микробиологиялық көрсеткіш бойынша – 121, физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша – 108, таңбалануы бойынша – 171 сәйкессіздік анықталды. Сараптамаға сатып алынған өнімдердің 56,6% Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген, сәйкесінше сәйкессіздіктердің көпшілігі де осы елдерден шыққан өнімдер еншісінде, 223 сәйкессіздік.
Мониторинг шеңберінде алынған өнімдердің басым үлесі тағам өнімдері болып табылады. Оның ішінде отандық өнімдер – 834, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өндірілген өнімдер – 1444, өзге елдерде өндірілгендері– 269.
Микробиологиялық көрсеткіштерге байланысты анықталған сәйкессіздіктер бойынша 27 нысан жоспардан тыс тексерумен толық қамтылып, жауапты тұлғаларға 28 әкімшілік шара көрілді.
Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарының сәйкессіздіктері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 78 ұйғарым берілген.
Сонымен қатар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен адам денсаулығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіретін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы мәліметтерді қамтитын Сәйкес келмейтін өнімдер тізбесі арқылы тұтынушыларды хабардар ету жүргізіледі, бұл тізбе Комитеттің сайтында жаңартылып отырады.
Бұл өз кезегінде тұтынушыға дұрыс таңдау жасауға, ал өндірушілерге тиісті жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
25 қараша 2019 ж. 1 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031