» » Қармақшыда өткен акция

Қармақшыда өткен акция

"Қауіпсіз тағам таңда!" акциясы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі "Таңсықбай" базарында жалғасты. Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесі мамандары тағам өнімдерінің пайдалану мерзімі туралы, тағам өнімдерінің таңбалануы, өнімдердің сақталу жағдайлары, тез бұзылатын өнімдер туралы, тамақпен уланудың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акцияға тұтынушылар қызығушылық танытып, құлпынай, жүзім, қызанақ, қияр, алма өнімдерін нитратқа тексеруге ұсынды. Нәтижесінде жүзім өнімінен сәйкессіздік анықталды. Қалыпты мөлшер 60 болуы тиіс болса, ол нормадан асып 68-ді көрсетті.
Бактериологиялық зерттеуге 2 түрлі шұжық (колбаса), 2 түрлі сары май, пряник, бәліш өнімдері экспресс әдіспен тексеріліп, нәтижесінде бәліштің микробтық ластануы жоғары екендігі анықталды. Бәлішті сатушыға өнімді сатылымнан алып тастау керектігі жөнінде түсіндірілді.
18 мамыр 2019 ж. 2 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 216
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930