» » Азық-түлік өнімі мен ауыз судың сапасы қандай?

Азық-түлік өнімі мен ауыз судың сапасы қандай?

ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімше құрамына санитариялық-гигиеналық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар және дезинфекциялық, шаруашылық бөлімдері кіреді.

Бөлімшеде 6 жоғары санатты, 2 – І санатты, 1 – ІІ санатты мамандар қызмет атқарады. Бөлімше 27.05.2015 жылғы №15010018 санды мемлекеттік лицензия және қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер: бактериологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, шу, діріл, электромагниттік өріс және басқа да физикалық факторлар, радиологиялық өлшемдер жүргізеді. Бөлімше ақылы негізде сертификаттық зерттеулер, жұмыс орнын аттестаттау, өндірістік бақылау, гигиеналық оқытулар, дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық жұмыстарды атқарады. ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі, Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Ұлттық акредиттеу орталығының» 21.02.2018 жылғы № KZ.Т.2026 санды «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ИСО/ХЭК 17025 – 2009 талаптарына сәйкес «Аккредиттеу аттестаты» алынды яғни аккредитациядан өткізілді. Мерзімі 2023 жылғы 21 ақпанға дейін жарамды.
Санитариялық-гигиеналық зертханасы бойынша 2018 жылы ауыз суға  120 сынама тексеріліп, оның 6-нан, 231 залалсыздандыру ерітіндісінен – 29, тағам өнімдерінен – 539, сынаманың 25-нен сәйкессіздік анықталды. Тағам өнімдерінен Кедендік одақ техникалық регламенттеріне 183 сынамаға зерттеулер жүргізіліп 11-нен сәйкессіздік анықталды. Электромагнитттік өрістер және басқа да физикалық факторлерға 4419 өлшемдер жүргізіліп, 45 өлшемнен сәйкессіздік анықталды. Радиологиялық өлшемдер – 7949, сәйкессіздік анықталған жоқ.
Бактериологиялық зертхана бойынша 2018 жылы ауыз судан 769 сынамаға зерттеу жүргізіліп, оның 29-нан, тағам өнімдерінен 710 сынамаға зерттеу жүргізіліп, оның  62-нен, стерильдікке 964 сынама алынып,  39-нан сәйкессіздік анықталды. Тағам өнімдерінен Кедендік одақ техникалық регламенттеріне 710 сынамаға зерттеу жүргізіліп, 62-нен сәйкессіздік анықталды. Бақылаудағы нысандардан  5495 шайынды алынып, оның  259-нан ішек аурулары таяқшалары табылды. Емдеу мекемелерінен медициналық монипуляциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауадан 262 сынамаға зерттеу жүргізіліп, 29-нан сәйкессіздік анықталды. Стерильдікке 964 сынама алынып, 39-нан сәйкессіздік анықталды.
Бактериологиялық зертхана бойынша аурулардың алдын алу, диагностикасы бойынша жүргізілетін зерттеулер 3 әдіспен зерттеулер жүргізеді, яғни микроскопиялық, бактериологиялық, серологиялық. Бактериологиялық зертхана негізгі 3 бағытта жұмыс атқарады.
1) Профилактикалық ҚР ДСМ 24.02.2015 жылғы №128 «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу» бұйрығына сәйкес декреттелген топ өкілдері бактериологиялық зертханадан тексеріліп, аталған жұмысқа жарамдылығын анықтаймыз.
2) Аурулардан және қатынаста болған адамдардан алынған сынамалардың микроб түрін анықтап, қандай антибиотикке сезімталдығын анықтаймыз.
3) Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргіземіз. (ауа, зарарсыздық, шайынды сынамаларын алып нәтижесін береміз.
Паразитологиялық зертханада – 1192 адам копрологиялық зерттеулерге тексеріліп, оның 9-нан оң нәтиже анықталды. Мектептердің бастауыш сыныптарынан және балабақшалардан 1369 сүртінді алынып, оның 19-нан 766  тырнақ асты сүртіндісінің 2-нен 756 шаң сынамасынан, 9-нан сәйкессіздік анықталды.
Конго-қырым геморрагиялдық қызбасы ауруын анықтауға Қармақшы ауданы бойынша 29 елді мекеннен  3830 кене сынамасы жиналып, облыстық аса қауіпті инфекциялар зертханасына жіберіліп, оның  61 данасынан серопозативті кене анықталды. (Иіркөл ауылынан – 10 дана, Ақжар ауылынын – 1 дана табиғаттан, 50 – данасы малдан Жосалы кенті – 42, Қорқыт стансасы – 2, Тұрмағамбет ауылы – 4, Смайыл тамы – 2)
Қармақшы аудандық бөлімшесі аурулардың алдын алу, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен және тағам өнімдерімен қамтамасыз ету, Кедендік одақ техникалық регламенттеріне сәйкестіктерін тексеру мақсатында сапалы қызмет атқарып келеді.

А.Н.Серкешбаев,
ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,
Аудандық бөлімше басшысы                                  
27 ақпан 2019 ж. 1 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031