» » Орта және шағын кәсіпкерлікке артылған міндеттер

Орта және шағын кәсіпкерлікке артылған міндеттер

Көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүрген түрлі жайттарға куәміз. Әсілінде, балабақша, мектеп оқушыларының тағамнан уланып жатқаны да кезігеді. Оған қоса сырттан әзірленетін жеңіл тағамдардан улану да тіркеліп жатады. Осы жағдайды алдын алу үшін бізге көмекке сала мамандары келеді.

Мамандардың айтуынша, балалардың тамақтануға тәуелді ауруларға шалдығуының артуы дәрумендер мен минералдардың жеткіліксіздігінен, қоректік заттектердің тағаммен сәйкес түспеуі салдарынан екен. Яғни, баланың белсенді өсуі мен жетілуі кезеңінде «олардың» тез таусылуына әкеп соғады. Бұл жайында аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында жеке кәсіпкерлер субъектілері арасында өткен санитарлық-эпидемиологиялық заң талаптарындағы өзгерістер, балаларды ыстық тамақпен қамту, өнімдердің қауіпсіздігіне монитория жүргізу, шағын орты кәсіпкерлікті қолдау, өндірістік басқаруды ұйымдастыру тақырыбында өткен семинарда қозғалды. Мақсат – уланудың алдын алу, қойылған талаптарды қадағалау. Жиынға Қызылорда облыстық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал басшысы Арман Ермекбаев, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Бостан Шегебайұлы мен жеке кәсіпкерлер қатысты.




– Бүгінде мектепте оқушылардың, мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың саламатты тамақтануы – басты назарда. Балалардың денсаулығын сақтау, нығайту бойынша негізгі бағыттардың бірі – мектепте, балабақшадағы тағамын дұрыс ұйымдастыру. Себебі, бала біздің болашағымыз. Олардың денсаулығы бірінші орында болуы тиіс, – деді Санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарын сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Г.Медеуова.

Жиын барысында өнімнің қауіпсіздігін алдын алу, сапасыз тағамның тасымалдануы, әкелуі, оның жолын кесу, ӨҚМ ұйымдастыру, оған қолданылатын әкімшілік шара туралы Санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Әлия Смайлова, өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды ҚР ДСМ ҚРДСК «ҰСО» ШЖҚ Қызылорда обылысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің басшысы Алпысбай Серкешбаев, шағын және орта кәсіпкерліктерді қолдау барысындағы заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар туралы Қызылорда обылысының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының басшысы Арман Ермекбаев пен кәсіпкерлікті қолдау аясында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Бостан Шегебайұлы баяндап, бірқатар мәселені ортаға салды.

– Семинардың басты мақсаты – аудан көлеміндегі шағын және орта кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлер, білім беру саласындағы, мемлекеттік филиалдар мен тығыз байланыс орнату. Сондай-ақ, қоғамның қауіпсіздігін алдын алу үшін ұйымдастырылған бірден-бір шара. Бала өмірі – бірінші кезекте тұруы тиіс. Елдің тұтқасын ұстар азамат болуы үшін – денсаулығы мықты болуы керек. Оған зиян фактор әсілінде қоғамдық орталардан әсер етеді, – дейді басқарма басшысы Г.Төлепбергенова.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
18 ақпан 2019 ж. 1 058 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031