» » Басты мақсат – тыныштық пен тұрақтылық

Басты мақсат – тыныштық пен тұрақтылық

qarmaqshy-tany.kz Бейбітшілік пен келісім қай кезеңде де адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Еліміздегі тыныштық пен татулықтың нәтижесінде бүгінде бірлігі бекем, халқы біртұтас кемел елге айналдық.

Қазақстан Республикасы конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтыратындығы атап көрсетілген.

Зайырлы мемлекетімізде дін мен қоғам арақатынасын, діни құндылықтардың қоғамдық өмір мен санадағы орнын зерделеу әрқашан да өзекті болмақ. Себебі дін әрбір адамның бостандығымен, құқығымен, дүниетанымымен және ұлттың мәдениетімен, құндылықтарымен тікелей байланысты.

Рухани құндылықтардың қалыптасуында негізгі міндет атқаратын дін мәдениеттер мен өркениеттердің дамуына да елеулі ықпал еткен. Өйткені дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарымқатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі.
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңының 3-бабының 5-тармағында «Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді» деп атап көрсетілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бiрдей жауапты. Заңнамада көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өз діни сенiмдерiн себеп етiп азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға ешкiмнiң қақысы жоқ.
Дін саласы өте маңызды сала және оның тұрақтылығы мемлекеттің қоғамдық-саяси тұрақтылығына тікелей байланысты екені белгілі.
Халқымызда «Отанды сүю – иманнан» деген аталы сөз бар. Әрбір адам өз Отанын, отбасын, туған жері мен елін сүйіп, қорғай білсе – имандылықтың биік шыңы сол.

Осы тұрғыда, ұлттық құндылықтарымыздың бастауы – салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді, әдет-ғұрпымызды сақтай отырып, оны өскелең жастардың бойына сіңіру, еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету – басты міндетіміз.
Өйткені, тұтастық, татулық пен тыныштық – ел Тәуелсіздігінің кепілі!

Ғарышбек НЫСАНБАЕВ,
аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы,
облыстық діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі

14 сәуір 2023 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 334

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 421

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930