» » Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

Қазақстанда республикалық рухани-ағартушылық бағыттағы MUNARA TV телеарнасы ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде 49-шы болып тіркелген телеарна Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылды деп хабарлады ҚМДБ-ның ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі.
"Енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді", – делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ телеарна онлайн дәріс ұйымдастыруды, өзекті мәселелер төңірегінде тікелей эфирде жауап беруді жоспарлап отыр.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының MUNARA республикалық рухани-танымдық газеті бар. Келешекте MUNARA FM радиосын ашу жоспарланған.
Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламасында жазылған.
2020 жылдың қарашасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Асыл арнаның" жабылып, "Халық арна" телеарнасының ашылғанын мәлімдеді.
28 шілде 2021 ж. 743 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031