Конституция
» » 2021 жылғы пітір садақа мөлшері белгіленді

2021 жылғы пітір садақа мөлшері белгіленді

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының, зекет пен підияның мөлшері анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Төралқа мәжілісінде тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтай отырып қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізу, Рамазан айында Құран хатым жасайтын топтар құрып, жамағатты сауапты істерге жұмылдыру жағына басымдық беру туралы айтты. Сондай-ақ Батыржан Мансұров қасиетті айда онлайн және тікелей эфирде бірнеше жоба ұсынылатынын жеткізді.
Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов ай бойы "Рамазан – ұлық ай" атымен тікелей эфир ұйымдастыру, әлеуметтік желілерде орталық мешіт парақшаларында облысқа танымал тұлғалармен «Рамазан – он екі айдың сұлтаны" атты күнделікті онлайн сұхбаттар өткізу, "Берекелі Рамазан" деген атпен апталық марафон болатынын айтты. "Халық арна телеарнасынан тікелей эфирде Рамазанға қатысты жобалар көрерменге жол тартпақ" деді Марат Дәлелханұлы.
Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.
04 сәуір 2021 ж. 1 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031