Дұғалар онлайн жасалады: Биылғы Рамазан айында қандай өзгерістер орын алмақ?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айы кезінде қасиетті дұғалар онлайн түрде оқылатынын жеткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz .
«Төтенше жағдай кезінде мешітте үлкен жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойдық. Әр азаматтың өмірі мен денсаулығы басты құндылық болғандықтан осындай шешім шығаруға тура келді. Алайда енді үйде отырып, онлайн насихат тыңдап, сауапты амалдарға ортақтасуға болады», – деді елімізідң Бас мүфтиі.Атап айтқанда, ҚМДБ тарапынан мынадай игі жобалар іске асырылмақшы:
ҚМБД-ның ресми сайтында «Рамазан энциклопедиясы» қосымша парақшасы іске қосылып отыр. Бұл веб-парақшада Рамазан айы туралы ақпаратты оқуға болады.
Еліміздің барлық аймақтарына, облыстары мен қалаларына арналған Рамазан айының кестесі ҚМБД сайтында қазақ және орыс тілдерінде жарияланды.
«Хикмет ТВ» арнасы арқылы Рамазан айының отыз күнінен арналған отыз онлайн дәріс жүргізіледі.
Сондай-ақ, осы «Хикмет ТВ» арнасы арқылы Рамазан айында күн сайын республикалық Әзірет сұлтан мешітінің қабырғасында күніне бір сағат арнайы онлайн уағыз оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран хатым дұғасы жасалады
«Мүфтияттың Instagram парақшасында «Батаменен ел көгерер» атты онлайн дұға бағыштау рәсімі күн сайын 15 минуттан өткізіліп тұрады», – деді бас мүфти.Сонымен қатар, ҚМБД өкілдері осы жылы пітір садақасын мобильді қосымша арқылы аударуға болатынын тағы бір рет ескертіп өтті.