» » Зайырлы Қазақстандағы тұрақтылыққа – 30 жыл

Зайырлы Қазақстандағы тұрақтылыққа – 30 жыл


Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан айтарлықтай биіктерге жеткен және болашаққа деген батыл мақсаты қалыптасқан қуатты мемлекетке айналды. Қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен жан-жақты ілгерілеу факторларының бірі – зайырлылық екені сөзсіз.
Мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың жеке модельдерін іздей отырып, көптеген елдер зайырлы мемлекеттілік қағидатына таңдау жасады. Зайырлы мемлекет – толерантты, еркін, демократиялық. Бір жағынан, мұндай үлгі ұлтты біріктіруге, мәдениетаралық қарым-қатынасты қамтамасыз етуге, ортақ іс пен өркендеу үшін диалог орнатуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, ол біртұтас халықты құрайтын этникалық топтардың, мәдени, діни қауымдастықтардың өзіндік ерекшелігін сақтайды.
Конституцияның бірінші бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” делінген.
Өзін зайырлы мемлекет ретінде көрсете отырып, еліміз мемлекеттік саясаттың дінмен араласпайтын қағидаттарын бекітті. Діни бірлестіктер мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік органдарды құруға қатыспайды. Алайда заң аясында олар мемлекет пен қоғамға әлеуметтік, мәдени және рухани салалардағы функцияларды орындауға көмектеседі.
Сонымен бірге, зайырлы мемлекеттің маңызды аспектісі – дін ережелері конституциялық жүйеге қайшы келмеуі, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі, әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздықты қоздырмауы керек. Яғни діни сенім бостандығы құқығын қоса алғанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың нақты тетігін жасайды. Түрлі ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл бұрынғыдан да өзекті. Осыған қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – зайырлы мемлекет, сондықтан дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. Ар-ождан бостандығына Конституция кепілдік береді” деп нақтылаған болатын.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біздің еліміз халықтың рухани дәстүрлерін жаңғырту мен сақтаудың қаншалықты маңызды екенін нақты мысалдармен көрсетті. Мемлекетіміз тек әділетті әлемдік тәртіп адамзат қоғамының өркендеуінің негізі бола алатындығын басшылыққа алып келеді.
Рухани дәстүрлердің қайта жаңғыруы мызғымас құндылықтар үшін келісім, төзімділік пен үйлесімділік, бірліктен басталады.
Зайырлылық пен діни сенім ережелерінің үйлесімді өмір сүруі елімізде тұратын біртұтас халықтың рухани-адамгершілік өзегі екені даусыз.
Мемлекетті зайырлы негізде басқарудың таңдалған қағидаты қазақстандық қоғамның рухани дамуынан басқа барлық салаларда – ғылымда, мәдениетте, білім беруде прогреске ықпал етеді. Ең бастысы, ол өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтайтын, деструктивті діни ағымдарға теріс көзқарастағы, заңға бағынатын қазақстандық азаматтың тұлғасын қалыптастырады.
Ш.Құндақбаев
"Ұлт бірлігі - Қармақшы" ҚБ-ні төрағасы 
15 шілде 2021 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031