» » Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – өркендеудің өрісті жолы

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – өркендеудің өрісті жолы

Өркениет көшінен қалмай, жаһандану кезеңінде алпауыт елдердің екпініне шыдас беріп, жұтылып кетпей, дамыған елдердің көшінен көріну қазіргі заманның басты қағидатына айналғаны анық.
Өйткені, жыл санап емес күн сайын немесе сағат жылжыған уақытта өзгеріске ұшырап, адам таңғаларлық таңғажайып дүниелердің орын алуы, барлық саланы цифрландыруға көшіріп, әлемдік экономиканың үздіксіз даму тенденциясы адамзаттың шексіз мүмкіндігін көрсетеді.
Осы ретте, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған, бүгінде әлем танып, мойындаған мемлекетіміздің басты байлығы және оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені Ата заңымызда айқын көрініс тапқан.
Қай кезеңде болмасын қоғамның дамуы болашақ ұрпақтың ұлтжандылығы мен мемлекетшілдігіне және атқарылатын барлық істердің мемлекет мүддесіне орай негізделе отырып айқындалуына тікелей байланысты.
Осыдан отыз жыл уақыт бұрын тәуелсіздігін жариялап, ата-бабамыздың аңсаған арманына қол жеткізген мемлекетіміз әлемдегі беделді және орнықты елге айнала білді.
Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен көреген, сарабдал саясатының жеңісі, халқымыздың баянды бірлігінің нәтижесі.
Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат еткен мемлекетіміз өз дамуының жолында «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламаларын, Бес институционалды реформа мен Ұлт жоспары мен салалық мемлекеттік бағдарламаларды қабылдап жүзеге асырып келеді.
Сонымен қатар, халықаралық аренада демократияны қолдап, бейбітшілікті қалайтын ел ретінде орнықтыра білді.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынның 2-ші бағыты азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналып отыр.
Құқық дегенімізде әрбір азаматтың ойына елімізде қабылданған заңдар, нормативтік құқықтық актілермен қатар құқықтық мәдениет, құқықтық сана деген ұғымдардың келетіні анық.
Осы ретте, құқықтық мәдениет дегеніміз қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуымен бірге жасайтын жалпы мәдениеттің бір түрі немесе адам баласының бойында қалыптасатын құқықтық
сауаттылықтың көрініс табуымен айқындалатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін игілікті құндылықтарымыздың бірі.
Құқықтық мәдениет негізінен құқықтық заң нормаларын түсініп білуден, оларды қоғамда қолдану, іс-тәжірибеде орынды пайдалана білу қағидалары арқылы қалыптасады.
Еліміздің басты заңы Конституцияда айқын жазылғандай біздің еліміз өзін демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде белгілеп, адамның құқықтары мен бостандықтарын алға қойып, оның қымбат қазына болып табылуы ретінде қарастырып, белгілейді.
Ал, құқықтық мемлекеттерде азаматтардың құқықтарының, міндеттерінің және бостандықтарының қорғалуы ең біріншіден олардың құқықытық сауаттылық пен құқық бұзушылыққа жол бермеуі сана деңгейіне байланысты білдіріледі.
Міне, бұл құқықтық мәдениет және заңи этика болып табылады.
Әрбір азамат үшін қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылса, оның қазыналылығын түсініп, бағалай білу, құқықытық сана мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылатыны айқын және біз оны терең түсінуіміз шарт.
Дегенмен, құқықытық мәдениет кез-келген азаматтың өмір сүру құндылығы ретінде дербес ішкі тәлім-тәрбиесінен көрініс бермей, жалпы мәдениеттің талап ететін қажеттілігі ретінде оны бойға дарыту мүмкін емес.
Осыған байланысты біздің мемлекетімізде әрдайым құқықтық мәдениетті заң талаптарын бұлжытпай орындап, құқық нормаларын қатаң қолдану арқылы ғана қалыптастырып жүзеге асыру бағыты қолданылады.
Осы жерде айта кететін жайт, заңды білмеу және құқықытық сауатсыздық жауапкершіліктен босатпайтындығы қатаң ескертіледі.
Бірақ, құқықтық сауатсыздық пен заң нормаларынан кез-келген азаматтың хабары жоқтығы мен құқықтық мәдениеттің болмауы дәлірек айтқанда оның негізін түсіне алмау екендігі көп ескеріле бермейді.
Міне, осы жағдаяттардың негіз-салдары құқықтық мәдениетті қалыптастырып жетілдіру жұмыстарының реттелуіне шын мәнінде кедергі келтіретіні аян.
Осы ретте, айта кететін жайт, мәселен қоғамдық, қызметтік орында, көпшілік алдында өрескел қылық көрсетіп, дауыс көтеріп, кейбір лауазымды тұлғалар қызметтік дәрежесін асыра пайдаланып, азаматтардың жеке басына қатысты құпия болып табылуы керек мәліметтерді жария етіп, абыройын төгіп, ар-намысына тиіп, іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып тұрғанын есіне салып, дұрыс емес екендігін ескертіп айтқанымызда, есесіне дөрекі жауап алып, қайта өзімізге қарай өштендіріп, соңымызға түсіріп, өзім білемін деген жауап аламыз.
Дәл осы жағдайды, қоғамдық және қызметтік орында орын алды деп есептелік, осыны көріп, естіп тұрған басқада қызметтес азаматтардың бірде-біреуі әлгі абыройды төгіп тұрған, жеке басқа қатысты мән-жайларды қызметтік орында орынсыз тілге тиек етіп тұрған тұлғаға үн қатпайды.
Себебі, азаматтардың көпшілігі заңи нормаларды терең түсіне білмейді, қоғамдық құқықтық мәдениетті сақтау керек екендігінен хабарсыз екендігін аңғарамыз.
Өйткені, бұл жерде адамдар бір-біріне адамгершілік, сыйластық қарым-қатынас қағидаларын ұстанып, түсіну, бір-біріне жанашырлық, қорғап-қолдау көрсетулері қажет еді.
Осы жерде, көпшіліктің ішінен бір азамат шығып әлгі өрескел қылық көрсетіп тұрған тұлғаны жөнге саларлық ескерту жасағанда бұндай жағдайды келесі жолы қайталамас болар еді.
Өйткені, құқықтық мәденитті түсінбеу мен заңи сауатсыздық дәл осындай ұсақ құқық бұзушылықтан бастау алады.
Құқықтық мәдениетті ұстанып, қоғамдық, кәсіби этика нормаларын сақтау барлық азаматтарға шартты болуы тиісті.
Құқықтық сана мәдениеті қоғамда, қоршаған ортада құқықтық құбылыстардың табиғатын түсіну мен құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет екенін саналы түрде түсіну, оны мойындау, заңды тәртіп мәдениетін сақтаумен қатар игерілген құқық нормаларына сай саналы қылықтар жасау болып табылады.
Құқықтық мәдениеттің әлеуметтілік қажеттілігі оның жүзеге асыратын негізгі құзыреттерінен айқындалады. Атап айтқанда, құқықтық-әлеуметтендіру, әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын коммуникативтік, дипломатиялық бағыттары болады.
Құқықтық мәдениет негізінен құқықтық санамен тығыз байланыстылықта бола тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мәдениеттің құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда ауқымы кең ұғым. Себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты, іс-әрекетті, заңды фактілерді де қамтиды.
Құқықтық мәдениет құқытық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойлаудың белгілі бір деңгейін, дәрежесін, әлеуметтің заңдарды біліуінің тиісті дәрежесін, құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейін, құқықтық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру үрдістерінің сапалық жағдайын, құқықтық қызметтің ерекше әдіс-тәсілдерін, құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктері түріндегі нәтижелерін қамтиды.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті – бұл құқықты білуі мен оны түсінуі, соған сәйкес әрекет етуі, қозғалуы болып табылады. Құқықтық мәдениеттің құрылымы психологиялық, идеологиялық, жүріс-тұрыс элементтерінен қалыптасады.
Құқықтық мәдениет - жеке тұлғаның жоғары саяси және азаматтық қасиеттерін қалыптастырады, әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттырады, құқықтық сана мен мінез-құлық қағидаларын және мәдениет нормаларын, демократиялық қоғам құру белсенділігін күшейтеді, қазақстандық ұлтжандылықты, патриоттықты терең ұғынып, оны орнықты ету үшін идеялар мен басым қағидаларды қолдауға және жүзеге асыруға,
құқықтық сана-сезімді қалыптасыру мақсатында нақты қарым-қатынастар жасауға мүмкіндік береді.
Құқықтық мәдениет бүгінгі күні адамдардың заңдарды білмеу мен оны сақтамау, қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтардың орын алуына себепші болу, қоршаған ортаға, қоғамға зиян келтіру сияқты біржақты іс-әрекеттермен қалыптасқан пікірлерге тоқтау қоятын негізгі шарты болуы қажет.
Қазіргі таңдағы демократияландыру үрдісі – белгілі бір мемлекеттік құзырлы органдар мен институттардың, ұйымдардың тарапынан жүргізілетін саяси немесе қоғамдық шаралар емес, әрбір азаматтың қоғамда өзінің құқығын білетін, азаматтық қоғам, демократиялы мемлекет қалыптастырудағы құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының қалыптасуына тікелей байланысты.
Осы орайда, мемлекетіміздегі әрбір азаматқа Конституциямен кепілдік берілген құқығына шектеу қоймай, оның құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, қорғалуын және жеке тұлға ретінде қалыптасуына барынша мүмкіндік жасалған.
Тәуелсіз, демократиялы мемлекетіміздің болашағының баянды болуы, азаматтарымыздың құқықтарының мен бостандықтарының қорғалуы мен қауіпсіздігінің қамтамасыз етіліуі - әрбір азаматтың бойында құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың қалыптасуына тікелей байланысты болатындығына тұжырымдама жасаймыз.
Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет - бұл ұлттың ортақ шаңырағы, оның тарихи шежіресі мен қалыптасуы, мәдениет пен ой-сананың дамуы, өркениеттілігі, яғни, барлық құндылықтары мемлекетпен оның егемендігімен таразыланатындығын түсінуі қажет.

Гулнар Ишанбековна Аргинбекова заң.ғ.к.,
Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі


17 сәуір 2020 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031