» » Наурыз мерекесі балабақшада тойланды

Наурыз мерекесі балабақшада тойланды

qarmaqshy-tany.kz Наурыз – жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, қайырымдылық пен кешірімділіктің бауырмалдықтың мерекесі. Бұл – тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы. Мереке қарсаңында №1 санаториялық бөбекжай бақшасы ұжымының ұйымдастыруымен өткен «Бал мекендегі Ұлы күн, Құтты болсын Ұлыс күн» тақырыбында іс-шара өтті. Онда бақша ауласына ақшаңқан киіз үй тігіліп, ата-аналар, ардагерлер, қонақтар мен бөбекжай тәрбиеленушілері қазақтың дәстүр-салтын бейнелеген өнерін көрсетті. Тұсаукесер рәсімін көрсетіп, өмірге жаңа қадам басқан балапанға ақ жол тіледі.
Іс-шараны балабақша мең­герушісі Марина Маханова ашып, мерекемен құттықтап ыстық лебізін жеткізді. Сондай-ақ «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Гүлжауһар Раева қатысып, мерекемен құттықтып, бастауыш ұйымдағы белсенді тіл жанашырларына облыстық, аудан­дық филиалдың алғыс хаты мен сыйлықтарын табыс етті. Бөбекжай бақшасының ардагерлері ақ батасын беріп, игі тілектерін жеткізді. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп, қонақтарды дастарқан басына шақырып, Наурызкөже мен ұлттық тағамдардан дәм тарттырды.
«Қт» ақпарат
01 сәуір 2023 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 510

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930