» » Әлемнің сыйы әйелге

Әлемнің сыйы әйелге

qarmaqshy-tany.kz ӨМІРДІҢ МӘНІ МЕН СӘНІ – ӘЙЕЛ. ОЛ – ТІРШІЛІКТІҢ ТАМЫРЫ, ШАҢЫРАҚТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ. СОНДЫҚТАН ӘЙЕЛ ЗАТЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ, АДАМЗАТ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІ ЕРЕКШЕ. БІР ҚОЛЫМЕН БЕСІКТІ, ЕКІНШІ ҚОЛЫМЕН ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТКЕН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ – КҮЛЛІ АДАМЗАТТЫҢ ПАРЫЗЫ.
Жақында «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық Жыраулар үйінде шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап «Ардақтайық ананы» атты тіл жанашырларымен мерекелік кездесу өтті. Жиында аудандық филиалдың алқа мүшелері Әбдірахман Құлдүйсенов, Шегебай Құндақбаев тіл жанашыры ретінде қоғамға белсенді араласып жүрген ардақты аруларды құттықтап, мерекелік лебізін білдірді. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамы филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева ауданда қазақ тілі қоғамының бастауыш ұйымдарынан келген мәртебелі, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге белсене араласып жүрген тіл жанашырларын облыстық, аудандық филиалдың алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, тілдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Ерсін ӘЛІБАЙ
13 наурыз 2023 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 277
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 434

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30