» » Сала мамандарына марапат

Сала мамандарына марапат

Қытымыр қысты артқа тастап, шуақты көктем де келіп жетті. Бұл ай мерейлі мерекеге толы. Алғыс айту күнінен басталып, әйел-аналардың төл мерекесі жалғайды. Иә, нәзікжандылар да көктемді асыға күтетіндей. Мереке қарсаңында Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы аудандық филиалында «Ана мен ана тілі – егіз ұғым» тақырыбында кездесу өтті. Оған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшелері Әбдірахман Құлдүйсенов, Шегебай Құндақбаев, аудандық «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов, аудандық ішкі бөлімінің бас маманы Ғарышбек Нысанбаевтар қатысты.
Мерекеде бірқатар сала мамандары марапатталды. Аудандық емхананың кадр маманы Жаннат Алмаханова мен обаға қарсы күрес мекемесінің маманы Ажаркүл Нұрғалиевалар облыстық филиалдың «Алғыс» хатын алса, аудандық өнер мектебінің мұғалімі Бағдагүл Мәденова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанат Демеубаева, аграрлы-техникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Алмагүл Жұмағалиева, жұмыспен қамту бағдарламалар және әлеуметтік хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік қызметкері Гүлназ Үсенбаеваларға аудандық филиалдың алғыс хаты табысталып, бағалы сыйлықтар берілді.
Жиын соңында Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамын аудандық филиалының төрайымы Күлжаһар Раева қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
15 наурыз 2021 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728