» » » Марапат төрінде – мұғалімдер

Марапат төрінде – мұғалімдер

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы аудандық филиалында "Тіл – ұлт қазынасы" атты мерекелік қабылдау өтті.
Жиынға аудандық "Қазақ тілі" қоғамының алқа мүшесі Шегебай Құндақбаев, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғарышбек Нысанбаев қатысып, тілдер күні мерекесімен құттықтады. Одан бөлек, шара барысында мерекеге орай филиалдың бастауыш ұйымдарынан келген ұстаздар, яғни Ақай ауылындағы №279 және №99 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Нұргүл Жолмырзаева мен Лаура Садықоваға, ағылшын пәнінің мұғалімі Дина Нұрбековаға, Төретам кентіндегі №80 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанерке Алмағамбетоваға филиал атынан алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
– Барлығымыздың ортақ мақсатымыз – тілімізді сақтап қалу және кейінгі ұрпаққа жеткізу. Ал сіздер жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүргендіктен, олар сіздерді өздеріне үлгі етеді, сіз сөйлеген тілде олар да сөйлейді. Сондықтан тіліміз сақталсын десек, алдымен өзімізді дұрыстауымыз керек. Жас ұрпақтың бойына ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет ұялатуда сіздердің еңбектеріңіз зор. Ұстаздар қауымына әрқашан қызметте табыс тілейміз. Дәл осы салада қызмет етіп жүрген жандардың арқасында алдағы уақытта тілі мен дінін, елі мен жерін сүйетін азаматтар өсіп шығарына сенім мол, – деді ардагер Шегебай Құндақбаев жылы лебізбен.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
12 қыркүйек 2020 ж. 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031