» » Тұғыры биік туған тіл

Тұғыры биік туған тіл

Былтырдан бастап Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып белгіленді. Себебі осы күні – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі тілді – ұлт тірегі десек, сол тілді құрметтеу, ардақтау, қорғау ең алдымен әрбір қазақтың міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн» деп атап көрсетті.
Осы орайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының бастауыш ұйым белсенділері, кент орталығындағы «Ертөстік» балабақшасының қызметкерлері мен бүл­діршіндерінің қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік шара өтті. Жиында «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева құттықтау сөз алып:
– Рухани жаңғырып жатқан қазіргі кезеңде ана тілімізді төрге шығару үшін қазақ баласы өз ана тілінде сөйлеуі тиіс. Біздің басты мақсат – ата-бабамыздың бізге аманат етіп қалдырған тағылымы терең тарихын таразылап, ұрпаққа мұра етіп қалдыру, зердесіне құю, санасына сіңіру, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, – деді ол.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Дастан Буханов мерекелік шараға қатысушыларды Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтады.
Жиын барысында «Ертөстік» бала­бақ­шасының әдіскері Нұргүл Ұзақбаеваның ұй­ымдастыруымен келген бүлдіршіндері атаның қаны, ананың сүтімен дарыған асыл тіліміздің мерейін өлең шумақтары арқылы асқақтатты.
Мұнан соң Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева мереке қарсаңында қоғамның әр саласындағы мемлекеттік тілдің жанашыры болып жүрген жандарды қабылдады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге атсалысып жүрген бірқатар сала мамандары Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» облыстық, аудандық филиалының алғыс хаты мен бағалы сыйлығын табыс етіп, балаларға тәттілер сыйлады.
Мерекелік қабылдауға келген №183 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақбөпе Асқарова, аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітап­ханашысы Әлия Өтегенова, аудандық ау­рухананың медициналық статисі Сағындық Боранбаев, аудандық әуез мектебінің домбыра жетекшісі Құсайын Тұрсынбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сектор меңгерушісі Гүлзат Жалелова, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Ләззат Қаландаровалар мерекенің маңызын тілге тиек етіп, өз ықыластарын білдірді. Шарада «Ертөстік» балабақшасының бүлдіршіндері қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерінен тақпақ айтып, өз өнерін көрсетті. Аудандық әуез мектебінің домбыра жетекшісі Құсайын Тұрсынбаев қазақтың киелі қара домбырасымен күй шертті.

Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
13 қыркүйек 2019 ж. 1 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031