» » Әріптесіміз топ жарды

Әріптесіміз топ жарды


Мемлекеттік тілдің беделін одан әрі арттыру, ұлттың рухани байлығы- қасиеті терең, құнары мол қазақ тілінің отбасында қалыптасуынын насихаттау мақсатында «Ұлт тілінің ұясы - отбасы» тақырыбында эссе жазудан аудандық байқау болып өтті. Шараға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшелері Құлдүйсенов Әбдірахман, Құндақбаев Шегебай, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары аудандық тіл жанашырлары, бастауыш ұйым, БАҚ өкілдері қатысты.
Байқаудың ережесі алдын-ала таратылып берілді. Байқауға 40 бастауыш ұйымнан 27 шығармашылық жұмыс келіп түсті. Байқауға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшесі Құндақбаев Шегебай, аудандық «Байтерек» газетінің бас редакторы, Жанәділов Нұрбай, аудандық «Қармақшы таңы» газеті редакторының орынбасары Дүзенова Гүлжанат қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша әріптесіміз, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бөлім меңгерушісі Айнұр ӘЛИ бас жүлдені иеленді. Қаламы қарымды жас журналистке шығармашылық табыс тілейміз! 
                         
Жүлдегерлер тізімі
І орын
Шәймерден Абылай, №250 мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ІІ орын
1.Бектасова Айымжан Дастанбекқызы, №29 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2.Жаудатова Перизат Садақбайқызы, аудандық Оқушылар үйінің «Алтын қалам» үйірмесінің жетекшісі

ІІІ орын
1.Бегман Жансая, №26 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2. Жалғасова Мөлдір Оразбекқызы – аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы
3.Әлімбаева Гүлжан Сартайқызы, №23 «Балдырған» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі, Ақай ауылы
4.Нұртайлақова Айгерим, №22 «Гаухартас» балабақшасының тәрбиешісі, Төретам кенті
5.Нұртайлақова Бибіткүл Солдатбекқызы, №4 «Күн нұры» балабақшасының тәрбиешісі, Төретам кенті
04 желтоқсан 2020 ж. 869 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 867
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30