» » Тіл жанашырлары марапатталды

Тіл жанашырлары марапатталды



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалы Жыраулар үйінде түрлі салада қызмет етіп келе жатқан бастауыш ұйымдарындағы тіл белсенділерін өңіріміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеруге, қоғам жұмысына белсене араласып өз үлесін қосып жүрген ауданымыздың бір топ тіл жанашырларына «Қазақ тілі» қоғамы  Қызылорда облыстық филиалының Алғыс хатын табыс етті.
 Кездесуге «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының алқа мүшелері, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық филиал төрайымы Гүлжауһар Раева, аудандық филиалдың алқа мүшесі, ауданымыздың Құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, алқа мүшесі Нұрлан Бейбітов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Болатбек Нұрқашов шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының 30 жылдығы ұлтымыздың мерейін өсіретін ұлы мейраммен құттықтап, бабаларымыздың қанымен келген тәуелсіздіктің ең басты құндылық және қасиетті тіліміздің мәңгілік екенін айта келе, еліміздің осы жолда жасалып жатқан барлық игі істеріне сәттілік тіледі.Халықтың қазақ тіліне деген құрметін күшейту мақсатында мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге белсенді жұмыс жасап келе жатқан бір топ тіл белсенділері, аудандық жұмыспен қамту орталығының  басшысы Мұнарбаев Орынбек, №16 «Перизат» балабақшасының меңгерушісі Жабаева Сәулекүл, «Қармақшы таңы» газетінің редакторыРайымбаева Сәрсенкүл, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм дамыту бөлімінің статисіҚошалақова Меңсұлу Асқарқызы, аудандық Жыраулар үйінің директорыЕшбаева Айгерім,аудандық ауруханасының дәрігері Көкеев  Жасұлан, аудандық экономикалық саясатты  дамыту секторының меңгерушісіДәрібаева  Жадыра,  аудандық почта  байланыс  торабының операторыНұрманова Алмагүл, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сектор меңгерушісі Жәлелова Гүлзат, №109 мектеп, қазақ тілі мен  әдебиет пәнінің мұғалімі, «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының  төрайымы Таңатарова  Жазира, аудандық Оқушылар үйі, бұқаралық- ұйымдастыру бөлімінің жетекшісіАймаханова  Марал облыстық филиалдың алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Гүлнәр Бисенқұлова
28 желтоқсан 2021 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930