» » Дана ене, дара келін

Дана ене, дара келін

qarmaqshy-tany.kz ЖУЫРДА С.БӨРТЕБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КЛУБ ҮЙІНДЕ «ДАНА ЕНЕ, ДАРА КЕЛІН» АТТЫ ЕНЕ МЕН КЕЛІН АРАСЫНДАҒЫ СЫЙЛАСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕУ, ЖАС АНАЛАРҒА, ҚЫЗКЕЛІНШЕКТЕРГЕ ҮЛГІ ЕТУ МАҚСАТЫНДА БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. БАЙҚАУДА 65 ПЕН 45 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЖЕЛЕР ӨЗ КЕЛІНДЕРІМЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІН КИГЕН ОЛАР САХНАНЫ ЖАЙНАТЫП ЖІБЕРДІ. САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР ӨЗДЕРІНЕ ТӘН ӘДЕБІМЕН, ИНАБАТТЫЛЫҒЫМЕН БАЙҚАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТАНЫСТЫРУ СӘТІНДЕ-АҚ КӨПШІЛІКТІҢ РИЗАШЫЛЫҒЫН ТУДЫРДЫ. БАҚ СЫНАУШЫ ЕНЕ МЕН КЕЛІНДЕР ҮЛКЕН ДАЙЫНДЫҚПЕН КЕЛГЕНДЕРІН КӨРСЕТЕ БІЛДІ.
«Өнерлі өрге жүзер» атты екінші бөлімде Төлеу Медетова келіні Жансұлуға өсиет арнаса, келіні енесіне өзінің жүрекжарды жыр шумақтарын оқыды. Ал Жанар Қойшығұлова келіні Мөлдірге бау-шу тоқудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетсе, ақ халатты адам жанының арашашысы Қалдыгүл Тоқсанбаева психолог келіні Ақерке Айтмахановамен бірге кішкентай Абылайдың сүндет тойын сахналады.
Сондай-ақ Дүйсенкүл Жайсаңбаева келініне арнап алқа әзірлесе, келіні Алтынай Әуезханова мың бұрала «Қос алқа» биін орындап, көрермендерді өнерімен тәнті етті. Гүлнар Жұмахметова мен келіні Әсел Амантаева «Ене мен келін» әнін орындап, көрермендерге дүркірете қол соққызды.
Қатысушылар ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау мақсатында сұрақтарға жауап беріп, «Сұлулық әлемі» байқауының шарттары бойынша ұлттық киім үлгілерін ұсынды. Сахнадағы түрлі үлгідегі қазақтың ұлттық киімін киген, жанына немерелерін ерткен байқауға қатысушыларға көрермендер дән риза болды. Әсіресе, әжелердің жас ерекшелігіне байланысты киетін кимешегінің тамаша екі нұсқасын ұсынған Қалдыгүл өзінің ісмер ене екенін байқатты.
Үйге берілген тапсырма бойынша ұлттық тағамдарды әзірлеп келген олардың дастарқанынан құрт, айран, ірімшік, қымыз, жент, қауынішек, қауынқұрт, тағы басқа тіл үйірер тағамдармен бірге Дүйсенкүл мен Алтынайдың өз қолымен әзірлеген қарынға салып жылқының қазы-қарта, жал-жаясынан пісірген «Қарын бүрме» тағамы мен асқабаққа салып пісірген қуырдағы ерекше болды.
Байқауға қатысушылардың тыныс-тіршілігі, сыйластықтары жайлы бейнебаяндары да көрерменге көңілді күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Парахат әулеті жеңіп алса, ІІ орынды Таубаевтар әулеті иеленді. Ал ІІІ орынды Жүнісовтер әулеті қанжығасына байлады. «Парасатты ене» номинациясына Төлеу Медетова, «Өнегелі ене» номинациясына Жанар Қойшығұлова лайық деп танылды.
Қатысушыларға ауыл әкімі Нұржамал Бектайқызы, әйелдер кеңесінің төрайымы Рая Қайырқызы, С.Бөртебайұлы атындағы клуб үйінің меңгерушісі Роза Кенжеғұлова, зейнеткерлер Бихан Дүйсенова, Рая Бұрқұловалар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, тәлімі мол ісшара үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Байқау жеңімпаздарына алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды. Кеш соңында ауыл өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.
Рая ЖӨНЕЙТОВА,
Ақжар ауылы
14 наурыз 2023 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 347

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 429

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930