» » Тарапты татуластырудың тиімділігі талқыланды

Тарапты татуластырудың тиімділігі талқыланды

qarmaqshy-tany.kz АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ БИЛЕР КЕҢЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОНЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰЛДЫЗХАН ЕРҚОСАЕВ АШЫП, ЖҮРГІЗІП ОТЫРДЫ. ЖИЫНҒА ОБЛЫСТЫҚ БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЗЕЙНОЛЛА НҰРСЕЙТОВ, АУДАНДЫҚ БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАРШЫҒА ЕСДӘУЛЕТОВ, АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЕСЕТ НАЗАРҚҰЛОВ, АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚУАНЫШ МЫХАНОВ, АУДАНДЫҚ БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ, МЕДИАТОРЛАР ЖӘНЕ ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ МЕН АУЫЛДАҒЫ БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Алғашқы сөздің тізгінін алған облыстық билер кеңесінің төрағасы кеңестегі жұмыстың тиімділігін сөз етті.
Тарихқа көз жіберсек, билер кеңесі – ата-бабамызда ертеден бар дәстүр. Әділ шешім айтып, халықты жақсылыққа үндеу, екі жақты ауызбірлікке жетелеу – қанымызда бар қасиет. Халқымыз әу бастанақ үлкеніне арқа сүйеп, құрметпен қараған, сол секілді кішіні де ізет тұта білген. Дау-дамай орын алғанда бірауыз түйінді сөзге тоқтам берген. Сөздің қадірін білген, астарын түсінген. Сол арқылы іс насырға шаппай, өшпенділік пайда болмастан ағайынның арасында жабулы қазан жабулы күйінде қалатын болған. Негізгі жұмысымыз – елді дауластырмай, бітімге, бір мәмілеге келтіру. Сондай-ақ асыл қазынамыз – рухани құндылықты жаңғыртып, салт-дәстүрімізді сақтау. Ел ішіндегі келіспеушілікті неғұрлым татулыққа жақындастырып, қол алыстыру, – деді Зейнолла Әлімжанұлы.
Кеңестің басты мақсаты – екі тарапты татуластыру, жарастыру, жастарға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беру, адасқандарды жолға салып, оларды жат қылықтардан аулақ болуға үйрету, даулы мәселелерді сотқа жеткізбей шешуді насихаттау. Жиында сотқа дейінгі татуласу мәселесін жетілдіру, Билер кеңесінің әрі қарайғы бағыттары, кеңестің жұмысын жандандыру туралы мәселелер талқыланды.
Шара барысында аудандық сот төрағасы аудан көлеміндегі билер кеңесінің негізінде оң шешім тапқан істердің жайын айтып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар осы кеңестің негізінде нәтижелі болуы қажет екендігін атап өтті.
Жиын соңында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева дауларды сотқа дейінгі реттеудің маңыздылығына пікірін білдіріп, Билер кеңесінің жұмысы туралы ойын ортаға салды. Сондайақ, медиаторлар да ауыр емес қылмыстарды сотқа жеткізбей шешу мәселелері бойынша толығырақ түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
01 наурыз 2023 ж. 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 350

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 431

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930