» » Жастарға берілген жақсы мүмкіндік

Жастарға берілген жақсы мүмкіндік

qarmaqshy-tany.kz Қазіргі кезде елімізде мемлекет тарапынан жас мамандарға, жұмыссыз жастарға көптеген қолдаулар көрсетілуде. Солардың бірі – «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы. Елімізде 2009 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – ауылдық аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Яғни, жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі. Осы бағдарламаның игілігін көріп отырған жастардың бірі – Төретам кентіндегі Жанқожа батыр атындағы No269 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Перизат Құдайбергенқызы.
Ол осы өңірде 1993 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Тұрмыстағы жас бір кішкентай ханшайымның анасы. Ол No80 мектеп-гимназиясын үздік бітіріп, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың физика-математика факультетіне физика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2015 жылы бакалавр дәрежесін алып шығады. Ұстаз болуды бала шақтан армандаған жас маман осы жылы қасиетті қарашаңырақ білім ордасы Жанқожа батыр атындағы No269 орта мектепке физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады.
Ол өз мамандығы турасында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жан. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Мен жақсы қасиеттерді бойыма сіңірген, жақсыдан тәлім-тәрбие үйренген, бала жанын түсініп, өз пәнін сүйе білетін заман талабына сай жаңашыл мұғаліммін. Осы уақытқа дейін шәкірттерім ҰБТ-дан жоғары балл жинап грант иегері атанса, енді бір шәкірттерім аудандық, облыстық пәндік олимпиада мен ғылыми жобадан жүлделі орындар иеленіп, білім ордамыздың мәртебесін асқақтатып келеді. Ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды жүрегімнің қалауымен таңдадым. Сондықтан мамандығым – мақтанышым. Негізгі ұстанымым – баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу, – дейді.
Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық жердегі маман тапшылығын қамтамасыз ету ғана емес, қала мен ауыл мектептері, аурухана, емханалар арасындағы білім беру, денсаулық сақтау қызметі сапасын арттыру. Сол үшін тәжірибелі мұғалім, дәрігерге жағдай жасау қажет. Жастар үшін жасалынып отырған осындай игі жобаның шарапатын көріп отырған жас маманның әріптестеріне өз айтары бар.
– Бағдарламаның аясында баспаналы болдым. Жастар үшін тиімдісі – бұл пайызсыз берілетін несие. Мерзімінен бұрын қайтарып, жауып тастауға да болады. Бұл жоба жас отбасы үшін жақсы мүмкіндік, – дейді ол.
Қымбат БЕРДЕШ
14 ақпан 2023 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 355

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930