» » Дипломмен ауылға келді

Дипломмен ауылға келді

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан бастап қолға алынған болатын. Мақсат – ауылдық елді мекендерге мамандар ағынын арттыру. Еңбек еткісі келген адамға мемлекет тарапынан қолдау көп. Тек, талпыныс табылса игі.Ауылда білікті маман тапшылығының орнын толтырудың бірден-бір жолы – «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын жаңғырту. Ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастарды жігерлендіріп, ынтасын арттыратын бұл мемлекеттік бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан да тыс қалмады. Былтыр Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы жылдан бастап бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырған болатын. Бұл алдымен жас мамандар үшін жағымды жаңалық болды, әрине. Биыл бағдарламаның игілігін көрген жас маманның бірі – Руслан Өтегенов. 22 жастағы талапты жас Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша білім алып, дипломмен ауылға келеді. Солай қызмет жолы аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «Базар жырау» атындағы үйірменің жетекшісі болудан басталды. – «Қалада қалып, мансабыңды сол жақта неге бастамайсың?» деген сауалдар жиі қойылды. Оларға «ауылды түлету үшін, жас мамандар қатарын толықтырып, ауданды өркендету үшін осында қызмет етемін» деймін. Расымен, кейде «Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» деген өлең жолдары ойыма орала береді. Балалық дәурен, қызықты шағымыз осында өтті. Мектепте білім нәрімен сусындап биікке қанат қақтық. Ендігі бізге артқан үмітті қалайша орындамасқа? Оқу бітірген соң бірден ауылға келуді көздедім. Солай биыл «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналастым, үйлі болдым. Бұл алдымен біз секілді жастардың жігерін жандырады. Мемлекет тарапынан осындай қолдауға ие болғаныма ризамын, – дейді жас маман Руслан Еркінбекұлы. Бағдарламаның шапағатын көрген маманның алға қойған мақсаты да жоқ емес. Келешекте ол кішкентай шәкірттерінің асуларды бағындырып, талай жетістікке жетеріне сенім артады. Осы жолда аянып та қалған емес. «Ауылдан өнерлі, дарынды баланы тәрбиелеп, қанатын көкке қомдау үшін жүрмін» дейді ол сөз арасында.

Айнұр ӘЛИ
07 қараша 2020 ж. 827 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031