» » Қоғам дамуына үлес қосу – біздің міндет

Қоғам дамуына үлес қосу – біздің міндет

"Дипломмен – ауылға" бағдарламасы жас мамандарға берілген зор мүмкіндік. Бұл бағдарлама күні кеше жоғары оқу орнын тәмамдаған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт, ветеринария мамандарына ауылдық елді мекендерден жұмыс орнын ұсынады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ауданда қызмет етіп жүрген жастар жетерлік. Соның бірі – Ақерке Төлеуова.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 25 жастағы Ақерке қазір Жосалы кентіндегі Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектепте қызмет етеді. Жақында аталған мемлекеттік бағдарлама арқылы өзі қалаған үйді сатып алып, баспаналы болды.
– Жалпы білім беру саласына бүгінгі таңда үкімет көп мүмкіндік пен жеңілдіктер ұсынуда. Ұстаздардың мәртебесі көтеріліп, еңбекақылары өсуде. Бұл педагогтарды жігерлендіріп, қызмет етуге құлшынысын арттырып келеді. Ал "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы өзім сияқты жас мамандарға үлкен қолдау. Оқу орнын тәмамдаған сәттен-ақ жұмыс табу, баспана сатып алу әрбір жастың арманы. "Дипломмен – ауылға" – осы арманның орындалуына сеп болды, – дейді Ақерке Талғатқызы.
Жас маман аудан орталығындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейден түлеп ұшып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ал ұстаздық жолды таңдауына кішкентай балаларға деген сүйіспеншілігі сеп болыпты. Бүгінде оның шәкірттері жетістікке де жетіп жүр. 2 "А" сыныбында оқитын Саян Шамбилов пен Айбын Айдарқұлов жас маманның үздік оқушыларының бірі. Оқушылармен жұмыс істеуді қатты ұнататын орыс тілінің мұғалімі жұмыс барысында түрлі қызық сәттер болатынын жасырмайды.
– Сабақта оқушылармен көп қызықтар болады. Бастауыш сыныптағы балалардың тілі мен қимылдары тәтті. Орыс тілі сабағында кейбір сөзге шәкірттердің тілі келмей жатады. Сол кезде өздері күліп, менің де көңілімді көтеріп тастайды. Кейін сол олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыс істеймін. Оқушы тілінің жаттыққанын көргенде еңбектің ақталғанын байқап, оларды мақтаймын. Ондай сәтте оқушыларым жігерленіп, одан да көп оқуға тырысады, – дейді жас маман.
Қазіргі жастарға өзін дамыту мен жетілдіру үшін барлық жағдай жасалған. Тек соны орынды қолдана білу керек. Бүгінгі кейіпкеріміз де өзін биік шыңға шығару жолында аянбай еңбек етуде.
P.S. Ауылдарды көркейту мен дамыту еліміздегі басты мәселенің бірі. Ал оны жүзеге асыруға жастардың тигізер септігі мол. Заман ағымына сай жаңа жобалар мен идеяларды жүзеге асыратын Ақерке сынды жас мамандардың қатары көп болғай.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
15 қыркүйек 2020 ж. 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 511

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 583

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031