» » Қаңғыбас итке құрсау бар ма?

Қаңғыбас итке құрсау бар ма?

qarmaqshy-tany.kz ТАҒЫ ДА СОЛ МӘСЕЛЕ. КӨШЕДЕ ҚАҢҒЫҒАН ИТТЕРДЕН ҚҰТЫЛУ ЖОЛЫН СҰРАҒАНДАРДЫҢ БАЗЫНАСЫН ЖЕТКІЗУ. ИТ – АДАМНЫҢ ДОСЫ, ЖЕТІ ҚАЗЫНАНЫҢ БІРІ ДЕГЕН ТЕҢЕУІМІЗ ТЕРІС КЕТІП ЖАТҚАНДАЙ. КЕРІСІНШЕ ИТТЕН КЕЛГЕН ҚАУІП КӨБЕЙІП, АДАМҒА ЗИЯНЫ ТИЮДЕ. ҚАЛАНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН КӨШЕСІНДЕ ҚОҚЫСТАРДЫ ТІМІСКІЛЕП ЖҮРГЕН БҰРАЛҚЫ ИТТЕРДЕН ҚОРЫҚҚАНДАР ОЛАРДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ МЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛЫН ІЗДЕП ӘЛЕК. БҰРЫНҒЫДАЙ ӨЗІҢІЗ ҚАРУ КЕЗЕП АТА АЛМАЙСЫЗ. СЕБЕБІ АРТЫНДА ЖАЗАСЫН АРҚАЛАТАР ЗАҢ ТҰР.

Былтыр, Экология, гоелогия және табиғи ресурстар министрі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойып, итті атуға тыйым салды. Күшіне енген заң қаңғыған иттердің жоғын жоқтап тұр. Енді кім итті атса не аттырса сол заң алдында жауап беріп, айыппұл арқалайды. Шаншар театрының бір әзілінде Уәлибек ағамыздың «Итке жақындама. Тістеп алса саған ештеңе емес, оның тісіне зиян келтіресің, сынып қалуы мүмкін» деген әзілі тура айтылғандай. Алайда сол бұралқылардан зәбір көрген адамның жағдайын ойлап жатқандар аз. Осыдан кейін кімнің өмірі құнды деген ой мазалайды. Конституцияда айтылған «мемлекеттің басты байлығы – адамның» ба, әлде қаңғыған иттің бе?
Қазір кез келген жерде иттің иттігін дәлелдейтін оқиға баршылық. Тіпті ол туралы түсіріп алған бейнежазбалар да бар. Мәселен былтыр Қарағанды қаласында 16 жастағы баланы ит талап тастады. Одан бөлек үй ауласында өріп жүрген бұралқы иттер бірнеше рет үлкен-кішіге шабуылдаған. Алысқа бармай-ақ өз аймағымызда да мұндай оқиғалар жетерлік. Тіпті көшеде иттің тобырын көрсек оған «кет» деп айтудың өзі қорқынышты. Тісін ақсита өзіңе ұмтылады. Қазір кей тұрғындар қорасындағы итке жауапкершілікпен қарамайды не оны байлап ұстамайды. Бос жүрген ит қаңғыбастардың қатарына қосылып, көшеден өткендерге немесе мектеп оқушыларына шабуылдайды.
Күні кеше мектептен қайтқан төменгі сынып оқушысының жолда иттен қорқып көп тұрып қалғанын кезіктірдік. Абырой болғанда тиіспепті. Тек сес көрсетіп жолдан өткізбей тұр. «Кет» деп айтуға дәрмені жетпеген балақай күннің суығына біраз тоңып қалған. Жерден тас алып әлгі итке лақтырғандай болып қимыл көрсетіп едік, сонда ғана орнынан қозғала, қорасына кіріп кетті. Біз келмегенде бәлкім осылай ұзақ тұрып, аязға үсіп кетер ме еді. Қазір ит атаулының бойында құтырма аурудың да бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Онымен ауырған иттердің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы өзгеріп, оғаш қылықтар көрсетеді. Мысалы, ит себепсіз үріп немесе еңсесі түсіп, үретін жерде үрмей себепсіз адамға немесе малға тап береді. Егер ауырған ит босанып кетсе ол бұрылмай тікелей жүріп алдына кездескенге үрмей-ақ бірден тістей жөнеледі. Ал осындай ауру иттен жарақат алған адам өлім қаупіне дейін барары сөзсіз. Жалпы мұндай ауруға көбінесе иесі жоқ, адасып кеткен қаңғыбас иттер жиі ұшырайды. Өйткені олар әр жерді паналап, қоқыс қалдығын жеп күнелтеді. Сондықтан олармен күресу әлем бойынша бітпес мәселеге айналып кеткен.
Қаңғыбас иттің мәселесі бойынша 109 қызметіне келіп түскен өтініштердің саны көп. Айтып айтпай не керек елімізде басқа мәселе аздай енді бұралқы иттердің мәселесі басты ауыртып отыр. Оған жауапты мекемелер қаңғыбас иттерді уақытша қамайтын орындардың жоқ екенін айтады. Иесі болғанның өзінде рұқсатын берсе ғана дәрімен ұйықтатамыз дейді.
Қош. Қаңғыбас иттермен күресу оңай емес. Бір оқпен жайратып салудың өзі заңға қайшы екенін жоғары да айттық. Дегенмен, жағдай ушығып барады. Біздегі қоғам белсенділері адамның тағдырына алаңдағаннан гөрі, қаңғыған иттерге жаны ашитын секілді. Оны біз айтпай-ақ әлеуметтік желідегі жазба- ларда, жиындарда көтеріліп жүргенін білдік.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
13 ақпан 2023 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 306

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930